Ескен Елубаевтың өлеңі
Каникулда көргенін
Бәрі де айтып жатқан - ды.
Бірде Болат ер көңіл
Бәрімізге мақтанды.
Келемеждеп ойнап та:
Болат жалқау , - десек – те.
Каникулда ол қой баққан,
Мініп алып есекке.
Болат жайсаң жайлаумен
Достасып – ақ кетіпті.
Қора қайды айдаумен,
Каникулы өтіпті.
Болат біздің бір күні
Мылтық алып жатыпты,
Ұстап апты түлкіні,
Қасқырды да атыпты.
Бірде адасып кетіпті,
Атасымен тұманда.
Әзер үйге жетіпті,
Сендік біздер бұған да.
Қатты шаршап өздері
Болдыртыпты қойларын.
Шүңірейген көздері,
Суық алған бойларын.
Үш күн шарлап алапты,
Адасқаны шын анық.
- Сонда қайдан тамақты,
Іштіңдер?- деп сұрадық
Болат аздап толқыды,
Сасып қалып күйбеңдеп:
- Тамақты ма? Тамақты
Ішіп тұрдық үйден кеп.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері