Ақпаратты шығару құрылғылары

Скачать

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызықты информатика
Сабақтың мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті, репродуктивтік, ой жинақтау, СТО әдістері.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі материалдар, постер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 – ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар Қызықты Информатика атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етеңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Оқушыларға компьютердің енгізу және шығару құрылғылары жазылған карточкалар таратылады.
1 топ – компьютердің құрылғылары
2 топ – ақпарат терминдері.
Карточкалардағы сөздер: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, сканер, принтер, колонкалар, джойстик, модем, бит, байт, код, ақпаратты сақтау, ақпаратты өңдеу, information, таңбалы ақпарат, бейнелі ақпарат.
1 топ – Компьютер тобы
2 топ – Ақпарат тобы

ІІ. Сайыс кезеңдері.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:
1. Сөз тапқанға
2. Инфо білім
3. Ойлан, тап!
4. Мені түсін
5. Жылдам тағы да жылдамырақ!
6. Қиял әлемі
1. Сөз тапқанға кезеңі.
Қиындықтан өткізер – дей отырып сайысымыздың алғашқы бөлімі Сөз тапқанға деп аталатын бөліміне кезек береміз. Сайысымыздың аты Қызықты Информатика болғандықтан осы бөлімнің маңызы зор. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады және сол сұрақтарға топқа берілген әріптен басталатын жауап айту керек. Толық жауапқа – 10 ұпай, жартылай – 5 ұпай.
1 - топ: Қ әрпі
2 - топ: Ж әрпі

1 - топқа:
1. Интернет не үшін керек?
2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?
3. Кітапханадан қандай кітап алдың?
4. Ноутбук сатып алғың келеме?
5. Агентте кімге хат жазасың?
6. Информатика пәні ұнай ма?
2 - топқа:
1. Компьютерді қалай өшіру керек?
2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
3. Компьютер не үшін керек?
4. Вирусты қалай жоясың?
5. Интернеттен не іздейсің?
6. Саған ұнайтын ноутбуктың бағасы қанша?
(Әділ – қазылар алқасына қызықты бағаларын көрсек.)

2. Инфобілім кезеңі.
Оқушыларға Ақпарат, компьютер, Paint тақырыптары бойынша 4 ұяшықтан тұратын сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап ұяшықтың ұпайларымен саналады.
Әрбір ұяшықта деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар жасырылған, таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі.

Ақпарат тақырыбы:
10 ұпай. Ақпарат сөзі латынның қандай сөзінен шыққан?
20 ұпай. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу.
30 ұпай. Ақпаратты жеткізу арналары.
40 ұпай. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері.

Компьютер тақырыбы:
10 ұпай: Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
20 ұпай: Бұл құрылғыға дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған.
30 ұпай: Компьютердің жұмысын басқарады және программадағы барлық командаларды орындайды.
40 ұпай: Ақпаратты шығару құрылғылары.

Paint тақырыбы:
10 ұпай: Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал.
20 ұпай: Суреттің бөлінген бөлігі.
30 ұпай: Тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйтын құрал.
40 ұпай: Paint сөзінің ағылшынша мағынасы.


Скачать


zharar.kz