Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
МАҢАЙЫМНАН ӘРМЕН КЕТ
Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,
Құр бояма қызыл бет.
Анадай тұрып қарасам,
Жанды ерітер жандайсың:
Жуып кетсем маңыңа
Екі аяқты малдайсың.
Сондай бола тұрып та
Өз - өзіңе қандайсың.
Бір көрмеге асылсың,
Көп көрмеге масылсың.
Тек ішіп - жеп жүк тартар
Сарттар мінген қашырсың.
Не сөйлерге тілің жоқ,
Не сөз ұғар білім жоқ,
Саған кімдер бас ұрсын?
Бірақ жазық қазақта:
Ұлы - қызы мазақта.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке