Қысқа мерзім жоспары
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
Айтылым: Ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту.
Тыңдалым: Мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну.
Оқылым: Көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы:
А Сөздерден сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, тыңдайды, түсінеді.
Көбі:
В Сұрақтарға толық жауап береді. Тест тапсырмаларын түсініп орындайды, сызба бойынша сөйлемдер құрастырады.
Кейбірі:
С Өз ойларын 7 - 8 сөйлем көлемінде айтады, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын дәлелдей алады.
Жетістік критерийлері 7 - 8 сөйлем көлемінде Қазақстан қалалары туралы айтады. Мәтін бойынша сұраққа жауап бере алады.
Тілдік мақсаттар: Астана қаласы туралы тыңдау және көру арқылы айтылған ойды түсініп, өз сөзімен жеткізуге үйрену.
Құндылықтарды дарыту: Еліміздің бас қаласы Астана туралы білу және мақтан ету. Астана тақырыбы б ша ақпараттарды түсіну және қолдана алу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, география
АҚТ қолдану дағдылары интерактивті тақта
Бастапқы білім Қазақстанның ежелгі қалалары қазақ тілі сабағы
Сабақтың басы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Тіл дамыту сұрақтары.
- Бүгін ақпанның 16. - Аптаның бейсенбі күні.
- Жылдың қай мезгілі?
Үй жұмысы: әр қатар жұмысын қорғайды 2 сұрақ қойылады
Презентация Қазақстанның ежелгі қалалары Отырар, Тараз, Түркістан
1. Қай жерде орналасқан, қай жылы іргесі қаланған
2. Қаланың аты қандай мағынаны білдіреді.
3. Тарихи ескерткіштері
Миға шабуыл: сабаққа назарын аударту ж е қызығушылығын арттыру
- Балалар тақтаға назар аударамыз.
- Бұл бейнетаспадан не көрдіңіздер?
– Бұл бейнематериалдың сабаққа қандай қатысы бар?
- Сендерге қандай ой келді?
- Дұрыс бұл Астана. Қазақстанның астанасы.
Астана сөздің синонимі қандай сөз? елорда, бас қала
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы?
- Сабағымыздың тақырыбы: Астана .
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабақта Астана қаласы туралы сөйлеуге үйренеміз.
Тапсырма:
1. Оқу;
2. Түсіну;
3. Жаңа сөздердің қолдануы.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың оқу қабілетін, қазақша сөйлеуді, қабылдау дағдысын дамыту
- Балалар, мәтін не туралы?- Мәтінді қалай түсінгендеріңді көрейік?
Жаңа сөздер Сөздерді жаттықтыру ж е қолдану үшін
- Балалар сөздікті ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазамыз
- Сабақта бізге мына сөздерді түсініп жаттап алу керек:
Елестету - представлять
Жағалау - побережье
Көрініс - вид
Асыл – дорогие
Құндылықтар – ценности
Ынтымақ – түсіністік - согласие
Бірлік - единство
Қуш – қуат – сила
Болашағы – будущее
Мәтін б ша тапсырмалар.
1 - тапсырма.
Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтарын ажырату
2 - тапсырма.
Мәтіннен синонимдерді теріп жазу, сөйлемдер құрастыру.
3 - тапсырма.
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, сөзге морфологиялық талдау жасау.
Мектеп: № 10 мектеп - гимназиясы
Мұғалімнің аты - жөні: Кущанова Баянслу Байкушкаровна
Астана. жүктеу