* Жүрегімдегі жараны, шынайы күлкіммен жасыруға тырысамын...
* Мұң-қайғыны сезінбейтін, түңілуді білмейтін тас жүрек болсамшы.
* Жүрегіңе тыныштық орнауы үшін, оны кешір, босат.
* Жанның арпалысуы – Құдаймен тілдесудің белгісі.
* Қатты жылағым келеді бірақ, тәкаппарлығым жібермейді.
* Иә маған ауыр, алайда қиналғанымды ешкімге білдірмес үшін, кеудемді тік ұстауға тырысып жүрмін!
* Жылау. - Ешкім естіп қалмасын - деп үнсіз жылау. Мұның қаншалықты ауыр екенін білесіз бе?
* Мен шыдамдымын алайда бұл – жаным ауырмағанының белгісі емес.
* Бір кезде жараланған жүректе – сызат мәңгіге қалады.
* Жаның сыздағанда – жүрегің қанжылайды.
* Жаралы жүректің сыздауынан артық ауырлық жоқ шығар.
Жұлдыздарға жиірек қараңыз. Жүрегіңіз сыздап, жаныңыз тыныштық таппай тұрған кезінде жұлдыздарға немесе күндіз көк аспанға қараңыз. Мұңайған кезде, өкпелеген кезде, жолыңыз болмай жүрсе – таза ауаға жалғыз шығып, аспанға қараңыз. Сонда жүрегіңізде тыныштық орнайды.
Мұңаймаңыз, бір күні бақытты болатыныңызға сеніңіз!
Дайындаған: Жадыра