Шарды жарып және сұрақты оқып, жауап беру

Скачать

Жүзден жүйрік....

Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
3 - 4 сынып оқушылары 4 - топқа бөліп өткізіледі.
1 - топ Алғырлар , 2 - топ Тапқырлар , 3 - топ Ғалымдар , 4 - топ Ойшылдар деп аталады.

Сайыс төмендегіше бөлімнен тұрады:
I бөлім. Топты таныстыру
II бөлім. Мәнерлеп оқу (Топ басшысы)
III бөлім. Сөзжұмбақ шешу
IV бөлім. Суретке қарап мақал - мәтел құрастыру
V бөлім. Алма жеу
VI бөлім. Шарды жарып және сұрақты оқып, жауап беру.

I. Асыл - тастан, өнер - жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі,
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған,
Біздің сынып атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем Сізге жалынды!
Сайыстың шарты бойынша, алғашқы кезең таныстыру.
(Әр топ өз топтарын атына сай таныстырып өтеді )

II. Ана тілі - асыл үні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндеи анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Топ басшылары өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, сайысады.

III. Сөз кезегін Сөзжұмбаққа берелік.
Арамызда тапқыш жастар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Топтар өздеріне берілген сөзжұмбақты өз уақыты ішінде шешіп сайысқа түседі. (3 - 4 минут беріледі)
1. Күзде не жауады?
2... жігіт ел үшін туады, ел үшін туады.
3. Қыз есімі?
4. Қаланың аты?
5. Барлығынан да қымбат?
6. Әншінің аты?
7. Уақыт өлшеуші құрал?
8. Сусынның аты?
9. Бір өркешті жануар?
IV. Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәрі не - деп, сайыскер топтарды суретке қарап, кез келген тақырыпқа мақал – мәтел құрастыру арқылы тапқырлық танытуға шақырамыз.

V. Алма жеу сайысы (Алманы таусып бірінші болған бала ғана жеңіске жетеді )
VI. Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Біліммен өнер жарыспай,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Шарды жарып сұраққа жауап беру керек. Сұраққа бірінші жауап берген топ жеңіске жетеді.
Қортынды


Скачать


zharar.kz