Байлық энергетикасы

Скачать

Байлық пен кедейліктен бөлінетін энергетика.
Байлық та, кедейлік те өзіне тән ерекше энергетика бөледі екен. Әрқайсысы табиғатына сай бір - біріне қарама-қарсы. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшелігі қандай?
Кедейшілікте өмір сүретін жанның бір күні мол байлыққа кенелуі мүмкін бе?
Біз бүгін осы туралы айтамыз өйткені ол туралы бізді арнайы мектепте оқытпайды.

Егер ақшаға зәру адам оны қажетсіне тұра, ол туралы ойламай, өзін дәулетті адамға тән сезінетін болса, байлық энергетикасы сәуле тарата бастайтыны зерттеулер бойынша әлдеқашан дәлелденген. Сіз өміріңізде бай - қуатты болып көрмеген болсаңыз, бай болу үшін өзіңді қалай ұстау керек? Ол үшін маңыздысы не? Не істеу керек? Ақшаға қалай қарау керек? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, байлық пен кедейлікті сипаттайтын энергетика туралы айтамыз.
Сонымен, кедейлік энергетикасы.
1. Кір, лас, тәртіпсіздік.
Көңіл аударсаңыз, кедейшілік болған жерде кір, лас дүниелер болады. Үй жиналмаған, заттар шашылған, терезе жуылмаған.
Жағдайы жоқ адамның тазалыққа аса көңіл аударғысы келмейтіні белгілі. Кедейшілікте өмір сүретіндердің бәрі лас, кір десек қателесеміз алайда, ондай жандардың үйіндегі заттардың бәрі тозығы әбден жеткен, жаңасын алуға ақша жоқ, содан ескісін тастамайды.
Ақша тазалықты жақсы көреді, тазалық болмаса ақша да жоқ.

2. Ескі - құсқы заттар.
Үйдегі пайдаға аспайтын керексіз көп заттар, ақша айналымын құрайтын энергияға кедергі келтіреді екен. Егер ескіні тастап, жаңаға орын босатпаса, жаңалық қайдан болсын? Ақшаға үнемі зәру болып жүретін көп адам мұнымен келіседі. Жиырма жыл бойы пайдаланылмаған көп дүние - мүлік солардың үйінің жартысын алып жатады. Неге мұндай қарама - қайшылық?
Өйткені, олар оны ескі - құсқы санамайды. Мүмкін, бір кәдеге жарап қалар , - дейді, тастау керек деген сөзді естісе шошып кетеді. Бұл жиһаз атамның көзі, бұл кітап бабамның көзі ,- деп оқылмағанына жүз жыл болған газет - журналдар, сақталғаны қанша жыл бегісіз ескі көйлек - көншектерді тастамай сақтайды.

3. Орынымен үнемдей білу.
Үнемдей білмеу деген не? Артық қалған әрбір тиынды ауыр күнге , деп сақтап қояды. Шұлығы қанша рет жыртылса сонша рет тігіп кию. Түсі оңып кеткен жейдені тастап жаңасын алуға да ақша қимау. Себебі, алдағы күні не күтіп тұрғаны белгісіз, ақшаны босқа шашуға болмайды! Адам миын осындай оймен шырмап тастау, кедейшілік энергетикасын шақырып, табыстың жолына кедергі болып үнемі сәтсіздікке әкелуі мүмкін.

4. Армандауға тыйым салу.
Дүкен аралап жүріп, сөреден әдемі көйлек көріп, оны қарап көрудің орнына: Мұны алуға бізде мүмкіндік жоқ! , дейді. Жұбайы теңізге саяқатқа шығу туралы армандап отырса, Қандай саяхат, бала-шағаға киім-кешек алу керек! , - деп ұрсады. Болашақты кедейшіліктің энергетикасымен байланыстырады. Сізде дәл қазір қаржылық қиындық орын алса, ол дегеніміз – болашақта саяхатқа шығуға, әдемі көйлек сатып алуға мүмкіндік жоқ, - деген сөз емес. Бұл әлем шексіз, кез келген уақытта мүмкіндік тууы мүмкін. Ақша жоқ, ешқашан болмайды, жоқшылық ешқашан бітпейді - деген сөзді айтпаған жөн.

Байлық энергетикасы.
1. Үй тазалығы.
Үйдің айналасынан бастап, бүкіл үй іші таза болса, байлықтың келіп кіруіне еш кедергі болмайды.

2. Пайдалы және қажетті заттар.
Жылына бір рет пайдаланатын заттардың керегін қалдырып, керексізін шығарып тастап отырған жөн. Мысалы, кітап сөрелерінің шаңын жарты жылда бір рет сүртіп, реттеп отырған дұрыс. Онда шаң - тозаң көп жиналып, жағымсыз энергия жиналып қалуы мүмкін.

3. Дұрыс ойлай білу.
Жаңа көйлек сатып алуға, саяхатқа шығуға, жаңа көлік сатып алып мінуге сізде мүмкіндік болады. Ой - санаңызға жақсы ой ойлауына мүмкіндік жасаңыз. Өзіңізді әдемі көйлек киіп, жаңа көлікке мініп, саяхатқа кетіп бара жатқандай елестетіңіз. Бұл сіздің өміріңізде міндетті түрде орындалады. Арманыңызға сеніп, орындалуына мүмкіндік жасаңыз.

4. Қайырымдылық.
Байлық энергетикасын шақыру үшін, қайырымдылық жасау өте орынды. Табысыңды керегіңе жаратумен қатар, жинау да керек және қайырымдылыққа да бөлген жөн. Шығын шықпай – кіріс кірмейді , деген қағиданы ұстанған жөн. Мұндай ұғым ерте кезде де болған. Арнайы барып мешітке тапсыруға болады немесе жағдайы төмен жандарға таратып беруге болады. Мұндай әрекетті шын ниетпен жақсы өмір сүру үшін жасаңыз, байлықтың құлы болып кету үшін емес.
Адамға ең басты керегі, материалдық құндылық емес, рухани құндылық екенін естен шығармаңыз.
happyphilosophy. ru

Дайындаған: Асыл


Скачать


zharar.kz