Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту

Скачать

Тақырыбы: Туған күнің құтты болсын, балақай!
Ойын - сауық кеші
ҰОІӘ - ің мақсаты: Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын, тақпақтар, билеу, саусақ маторикасы, өлеңдер айту.
Керекті құралдар: үнтаспа, шарлар, теледидар, әдемі торт, майшамдар, жұмсақ ойыншықтар, доптар, қыстығыштар, шелектер, жеміс - жидектер;
Ойын - сауықтың барысы:
Шаттық шеңбер
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, ризамын! Қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Алақай – ау, алақай!
Айтыңдаршы балақай,
Тобымызда бүгін,
Туған күні бүгін,
Туған күні кімнің?
Толысады ойымыз,
Азаяды ойынымыз.
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз.
Туған күн иелерін төрге орындыққа шақырамыз. Қанекей балалар барлығымыз қол шапалақтап, қошемет көрсетейік. Батыр, Иманнұр, Дилана, Дария, Мөлдір, Нұрғалам.
Балалар: Туған күндеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің
Жасыңа жас қосылып өсе берші,
Өмір саған әрқашан төксін нұрын – дей келе балаларымыз достарына өздерінің тілектерін білдірсін.


Скачать


zharar.kz