Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
білімділік Жаңа білімді меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту, тиянақтау, жүйелеу;
дамытушылық: ой - өрісін, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту, белсенділігін арттыру, танымдық жаттығулар арқылы дүниені танып - білуге дағдыландыру;
тәрбиелілік: адамгершілік асыл қасиеттерге, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, белсенділікке, бір - бірін сыйлай білуге, ұжымда жақсы ахуал қалыптастыруға, елжандылыққа, ел абыройын көтеруге, өз жерлерінің ескерткіштерін білуге, қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі, түрі: жаңа білімді игеру, өздігінен іздену сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, жаттығу, талдау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, сынып журналына белгі қою, кітап, дәптерлерін тексеру, назарларын сабаққа аудару
2. Үй жұмысын пысықтау: жаттығуды тексеру, өткен материалдарды сұрақ - жауап арқылы қайталау, еске түсіру.
“Сыр сандық
Төл сөз дегеніміз не?
Төлеу сөз дегеніміз не?
Автор сөзі дегеніміз не?
Төл сөз бен автор сөзі қалай байланысады?
Жаңа сабақ
І. Мақсат қою кезеңі
Нені білуіміз керек?
1. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздері дегеніміз не?
2. Төл сөздің тыныс белгілері қалай қойылады?
Нені үйренуіміз керек?
1. Төл сөздің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуді;
2. Талдау жұмыстарын білуді.
Тапсырмалар: №1 тапсырма Байлық пен ақыл ертегісі
(Мәтіндегі төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілеріне назар аудару.)
Бір қарияның төрт ұлы болыпты. Бір күні әкесі балаларын шақырып алып: -- Мен қартайдым. Кімнің ақылы мен байлығы болса, сол менің мұрагерім болады, - депті.
1. Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды , - депті үлкен ұлы асыл тасты жүзігін көрсетіп.
2. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де, әкесіне былай дейді:
Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді .
3. Мұндай белдікті,- деді үшінші ұлы күміс пен асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып,- ешкім буынып көрген жоқ!
4. - Сен неге үндемейсің? – деді әкесі төртінші ұлына қарап. – Әлде сенің көрсететін
ештеңең жоқ па?
5. Сонда төртінші ұлы басын төмен салып: Менде асыл тас та, жүзік те, киім де, белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар , - дейді.
Әкесіне кіші ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
№2 тапсырма Сәйкестендір Оқулықтағы тақырып пен ертегіде айтылған 5 мысал сөйлемдерді салыстыру, сәйкестендіру. Топта талқылау.
Төл сөздің тыныс белгілерін мәтіндегі мысалдарға сүйене отырып түсіндіру.
№3 тапсырма
237 - жаттығу. Қарамен жазылған сөйлемдерді төл сөз, автор сөзіне айналдыру. Сөйлем мүшесіне, морфологиялық талдау жасау.
№4 тапсырма Қандай ғажап, қандай әсем, осы менің туған өлкем... деген тақырыпта сурет бойынша жұмыс. Суреттерге қарап отырып, төл сөздің тыныс белгілеріне мысал келтіру.
№4 тапсырма Кім тапқыр? Мәтіндегі қалып қойған тыныс белгілерді табу.
І топ.
Шай құйып отырған Қанигүл жаулығының ұшымен жасын сүртіп Иә, үлкендерден естіген бұл әңгіме еміс - еміс есімде дейді.
ІІ топ.
Алтайды айналып шықсам деп армандаушы еді Бекен аға.
ІІІ топ. Бір кезде ұйықтап отырған Бекен аға ояна келіп Әй, Төке, біз бұрылыстан өтіп кеттік, артқа бұрыл дейді.
Қорытынды:
Рефлексия Басбармақ
Сабақ өте жақсы ұнады жақсы ұнады
онша ұнаған жоқ
Бағалау.
Үйге тапсырма: