Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың

Скачать

Қазақ тілінен тест тапсырмалары

ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Кірме сөзді анықтаңыз.
A) Алыс.
B) Желім.
C) Ғарышкер.
D) Бәтеңке.
E) Қышқыл.
2. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз.
A) Күндізгі.
B) Әсемпаз.
C) Құлақ.
D) Орынбасар.
E) Үндемейтін.
3. Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.
A) Ас - пазшылар.
B) Аспа - зшылар.
C) Асп - азшылар.
D) Аспазш - ылар.
E) Аспазшыл - ар.
4. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Күні бойы.
B) Орынбасар.
C) Cөйлей - сөйлей.
D) Есенғұл.
E) Өсу - өркендеу.
5. Көмекші есімді көрсетіңіз.
A) Ескі.
B) Маңы.
C) Сараң.
D) Екен.
E) Еді.
6. Күрделі сөзді табыңыз.
A) Ақылды қыз.
B) Жүз отыз бес.
C) Кең үй.
D) Кең өріс.
E) Екі терезе.
7. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.
A) Оны көруге бола ма?
B) Ол бұрын - соңды ештеңе естімегендей болды.
C) Атасының бұл сапарына қарсы болған жоқ.
D) Мекемедегі әрбір істің соңында үлкен жауапкершілік тұр.
E) Бүгін ешқайда бара алмаймыз.
8. Бейнелеуіш сөздерді табыңыз.
A) Тырс - тырс, дүңк.
B) Гүрс, баж - бұж.
C) Қарқ - қарқ, қаңқ.
D) Сарт - сұрт, қарш.
E) Ебелең - ебелең, селтең - селтең.
9. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз.
A) "Бәрекелді, мына ауыл алтыбақан құрып жатыр екен," - деді Ербол.
B) С. Торайғыров былай деген: Абайды оқы, ерінбе!
C) Абай: "Ғылым таппай мақтанба," - деген.
D) "Емтихан оңай болмайды", - деді ұстаз.
E) -"Япырай, мықты екенсіз, ақсақал," - деді Байжан.
10. Бірыңғай сөз тіркесінен көп мағыналы сөзді анықтаңыз.
Айызы қану, шөлі қану, ұйқысы қану, ойыны қану.
A) Ойыны.
B) Ұйқысы.
C) Шөлі.
D) Айызы.
E) Қану.
11. Синонимдік қатары бар топты көрсетіңіз.
A) Әзілкеш, қуақы, тұйық.
B) Ескі, көне, жаңа.
C) Дөкей, мықты, осал.
D) Епті, икемді, орашолақ.
E) Әдемі, сұлу, көркем.
12. Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.
A) Тек жуан буынға қарай.
B) Тұйық буынға қарай.
C) Буынның жуан - жіңішкелігіне қарай.
D) Тек жіңішке буынға қарай.
E) Дауыссыз дыбысқа қарай.
13. Үстеуден жасалған қос сөзді көрсетіңіз.
A) Он - он бес.
B) Жап - жасыл.
C) Жата - жастана.
D) Іні - қарындас.
E) Аға - іні.
14. Күшейтпелі шырайдың анықтамасын белгілеңіз.
A) Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не кем екендігін көрсететін шырай.
B) Белгілі бір қосымшалар жалғану арқылы жасалатын шырай.
C) Заттың түрі мен түсін, сапасын білдіретін негізгі сын есім.
D) Бір заттың екінші бір затқа, құбылысқа қатысын білдіретін сын есім.
E) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық, кемдігін салыстырумен көрсететін шырай.
15. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Барармын, келетінсіз.
B) Оқығаным, берерің.
C) Сөйлесті, бармас.
D) Егер, мүмкін.
E) Баруым керек.
16. Мезгіл үстеуімен тіркескен есім сөзді табыңыз.
A) Ертеден таныс.
B) Үйге кетті.
C) Қыруар адам.
D) Жаңа киім.
E) Лезде тапты.
17. Етістікті сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Көйлек кию.
B) Елуге тарта.
C) Бір уыс.
D) Сол жақ тізе.
E) Көлдің сәні.
18. Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз.
Бұл мәселемен өзгелер айналыссын.
A) 1 - жақ жекеше түрі.
B) 2 - жақ жекеше сыпайы түрі.
C) 2 - жақ көпше сыпайы түрі.
D) 2 - жақ көпше түрі.
E) 3 - жақ көпше түрі.
19. Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін белгілеңіз.
A) Ғылыми.
B) Публицистикалық.
C) Іс - қағаздар.
D) Көркем әдебиет.
E) Ауызекі.
20. Болымсыздық демеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Туралы, сайын.
B) Түгіл, тұрмақ.
C) Таман, әрі.
D) Ба, бе.
E) Ақ, ай.
21. Айқындауыш қай сөйлем мүшесін түсіндіріп тұрғанын анықтаңыз.
Оның кіші қызының, Жамалдың, ақындығы елге танымал.
A) Бастауыш.
B) Анықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Баяндауыш.
22. Жақсыз жайылма сөйлемді табыңыз.
A) Қаптаған аттыларға маған алыстан қарауға тура келді.
B) Әке, мына кітапты оқыңызшы.
C) Арқа сүйер тірегім болшы.
D) Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой!
E) Қайдан келгенін айтпады.
23. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.
A) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.
B) Қасиетті мекен. Күн сәулесі.
C) Түн. Ышқынған дауыл.
D) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.
E) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.
24. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жан серігім - домбырам!
B) Ой, айналайын - ай!
C) Құлыным, қашан келіп қалар екенсің?
D) Қазақстанды, қысқасы, гүлденген елге айналдырайық.
E) Уа, қой деймін!
25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әкесінің баласы, адамның дұшпаны, адамның баласы, бауырың.
B) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны адамның баласы бауырың.
C) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.
D) Әкесінің баласы адамның - дұшпаны, адамның - баласы бауырың.
E) Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың.


Скачать


zharar.kz