Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жай бөлшектерді бөлу амалын орындай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабақ барысында әр - түрлі ойын элементтерін пайдаланып ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабағы
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, ойын - сайыс
Пән аралық байланыс: ауыз әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа тапсырмалар, әр - түрлі дидактикалық материалдар, ұлттық ойындардың суреттері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бекіту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІ. Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын – ауызша есептер шығару арқылы тексеру.
3 5∙5 6; 7 8∙3 5; 3 7∙4; 2∙3 4; 21 3∙1 1 5.
Мына сандарға кері сандарды атаңдар: 3 4; 8 7; 21 5; 3; 1 9.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу.
Мысалы, 9 10∙х=3 4, --------------- х=3 4: 9 10, ---------------- 9 10∙х∙10 9=3 4∙10 9;
9 10∙10 9 х= 3 4∙10 9; ---------------- х=5 6
Жай бөлшекті бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.
a b: c d=a b∙d c мұндағы a – натурал сан немесе 0 саны, b, c, d – натурал сандар.
Мысалы: 1) 4 ( 7): 2 3=4 7∙3 2=6 7; 2) 0: 5 6=0
Санды нөлге бөлуге болмайды.
Аралас санды аралас санға бөлу.
Мысалы: 4 2 5: 17 9=22 5: 16 9=22 5∙9 16=99 40=219 (40.)
Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу.
Мысалы: 1) 4: 2 3=(4∙3) 2=6. 2) 4 5: 2=4 (5∙2)=2 (5.)
Әріптермен жазсақ: n: a b=nb a; ----------------- a b: n=a (bn.) ------------ n - натурал сан
ІV. Бекіту:
Сайысқа дайындылық ретінде №793 ауызша шығару, №799(5, 6) тақтада шығару.
а) 53 11: 27 11=58 11: 29 11=58 11∙11 29=(58∙11) (11∙29)=2;
б) 51 3: 35 9=16 3: 32 9=16 3∙9 32=(16∙9) (3∙32)=3 2=11 2.
Әр түрлі ұлттық ойындар.
1. Бәйге ойыны.
Бәйге ойыны - ат жарысы. Оған жүйрік бапталған атпен шабандоздар қатысқан. Ат жарысының барысы магниттік тақтаға ілінген жылжымалы аттар арқылы көрініп тұрады. Бәйге ойының тапсырмалары кестеде жазылып тұрады.
Бөлуді орындаңдар:
1 3: 1 9; ---------------- 4: 8 9.
2. 3 5: 1 25; ------------ 1: 1 5.
3. 1 10: 1 10; ----------- 2: 11 3.
4. 3 4: 9; ---------------- 5 14: 21 7.
2. Теңге ілу ойыны.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі жылдамдығы, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады.
Магниттік тақтада теңгелер жапсырылды.
Теңге ілу ойынында деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А - деңгей 100 теңге - бөлуді орындаңдар: 2 8: 6 24; 6 11: 21 4.
500 теңге - №801. Теңдеу шешу. 1000 теңге - №800.
В - деңгейі 2000 теңге - №808; 5000 теңге - №809.
С - деңгейі 10000 теңге - №810.
3. Қыз қуу ойыны:
Қыз және жігіттен тұратын екі - екіден жұптар жасақталады. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек.
Қыз қуу ойының тапсырмалары: №799
1) 31 5: 22 15;
2) 17 8: 41 6;
3) 61 2: 16 7;
4) 62 3: 27 9.
Көкпар ойыны:
Көкпар - көкпарда Дода және жеке тартыс аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі.
Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қызыл дөңгелектегі, ал екінші топ көк дөңгелектегі есептерді шығарып, қазаншаға салып отырады.
Көкпар ойының тапсырмалары: №794 - 797.
4 9: 8 9
2) 2 7: 3 4
3) 10: 5 8;
4) 4: 3 8;
5) 3 4: 5 8;
6) 1: 11 8;
7) 1: 32 9;
8) 55 14: 21 7;
9) 62 5: 17 9;
10) 1: 31 10;
11) 11 15: 22;
12) 1 12: 1 6;
13) 1 7 9: 8;
14) 21 7: 15;
15) 6: 1 11.
Ү. Қорытынды.
Сайыстың қорытындысын жасап, бүгінгі сабақтың ережесін қайталадық. Жай бөлшекті бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. (қорытынды бойынша көкпар ойынында есептер шығарылды)
ҮІ. Үйге тапсырма: §4. 8, ереже жаттау; №798
ҮІІ. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Сабақтың соңы