Тәрбие сағатының тақырыбы: Ақ жарқын – жан анам
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
І. Дайындық кезеңі
1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу 2. Аналарды шақыру 3. Қабырға газетін шығару, құттықтау, суреттер 4. Үздік шығармалар көрмесі
ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі. музыка сәл ғана естіліп тұрады
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. Ана деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. Ақ жарқын - жан анам атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.
музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді
Асылхан: Қуанышы баланың - Тахмина: Қуанышы ананың Қуанышы ананың. Қуанышы баланың
Асылхан: Бізді өсірген апатай, Тахмина: Құтты болсын, апатай, Еңбегіңіз зор екен. Құтты болсын мерекең. Хор: Аяулы анашым әні
Аналарға арналған өлеңдер оқылады
1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
5 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!
Еңбек сабағында дайындаған құмырадағы гүлдерін аналарына табыстайды.
Би: Орындайтын ұлдар тобы.
Ал, енді қызықты көріністерді тамашалайық.
1 - көрініс. Менің анам ең жақсы адам. Рөлде ойнайтындар: Асан мен Самал.
2 - көрініс. Үш ана. Рөлде ойнайтындар: Эльмира, Дильназ, Әсем, Данияр, Әли, Әлиби, Рамазан.
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнасақ. Ойын Өз баласын иіскеп табу көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек
Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек
Келесі кезекті Асанға береміз. Асанның орындауында Асыл ана әні қабыл алыңыздар.
Ал, енді аналар тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі үздік шығармалар көрмесі. онда оқушылардың аналарына шығарған өлеңдері, суреттері, құттықтаулары қойылған. Келген қонақтардың арасынан әділ қазылар сайланып сол оқушыларды марапаттайды.
Енді ұлдарымыздың қыздарды құттықтайтын кез келді. сыйлықтарды табыстайды
Қыздарға арнап Азат Сұлу қыз әнін орындайды.
Мирас:
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
Жібек:
Адал бол, деп - балдырған
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Анамызға мың алғыс! бас иеді
Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз. Қош сау болыңыздар!