Сабақ №14
Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) жаңа сабақ
г) дамыту
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Слайд бойынша компьютердің дайындап әкелген сұрақтарына жауап беру.
Құрылғылардың аттарын, қызметін қайталай отырып дербес компьютер туралы білімдерін пысықтап өту.
• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Атқарушы ұғымы
I. Жаңа сабақ
• Жаңа сабақты түсіндіру
Айнымалы типтер
Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін әртүрлі амал қолдануға болады. Мәліметтердің типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе, екінші жағынан қате жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен, мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады. Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелетін типтер жатады.
Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип - саналатын тип болып есептеледі. Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түрінде тізімін берумен анықталады.
Жазылу түрі:
TYPE =();
VAR : ;
Мысалы:
TYPE Gaz=(Ge, C, O, N );
Metall=(Na, K, Li, Cu, Zn);
Mezgil=(қыс, көктем, жаз, күз);
VAR Al, A2: Mezgil;
G1, G2, G3: Gaz;
Met l, Met2: Metall;
Түс=(ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сұр, қара).
Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса, онда оны шектеулі типтегі айнымалы деп атайды. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де, ол екеуі де бір стандартты типте (real типін қолдануға болмайды) болып, міндетті түрде алғашқы мән соңғы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.
Жазылу түрі:
TYPE =();
VAR : ;
Мысалы:
TYPE kunder=1.. 31;
VAR RadDay, BolnDay: kunder;
Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Бір ғана жолдан тұратын кесте сызықтық деп аталады. Мысалы: A (2, 3 - 5, 0, 1). Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Бұларды көп жағдайда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдар (массивтер) деп те атайды.
Жиым дегеніміз - бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Осы жиымға кіретін айнымалыларды жиым элементтері дейді. Жиымның міндетті түрде аты, өлшемі, индекстері, соған сәйкес элементтері және оның түрлері болады. Жиым тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекстер арқылы көрсетіледі. Индекс жиымның иденфикаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады: (a [1], x[1, 1],…)
Жиымның типін анықтау үшін ARRAY, OF қызметші сөздері қолданылады. Жиым элементтерінің сипатталуы былай көрсетіледі;
Аты Array[индекс өлшемі]of real;
немесе
TYPE Аты; =Array [индекс өлшемі] of integer
Мысал: 20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу програмасы. Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ, жиымның элементтері A[1], A[2], …, A[20] нақты сандар болады.
Program
Var A: array [l.. 20] of real;
I: integer;
S: real;
Begin
For i:=1 to 20 do
Read (A[i]);
S:=0;
For i:=l to 20 do
S:=S+A[i];
S:=S\20;
Write (S);
End.
Сабақты бекіту
• Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?
• Сызықтық және тіктөрбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?
• Жиым деп нені айтамыз?
• Жиымдар қалай сипатталады?
• Индекс дегеніміз не?
• Бірөлшемді жиым дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 5. 1, 5. 2, 5. 3, 5. 4 тақырыптарын оқу.
Толық нұсқасын қарау