Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем (2 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Хабарлы сөйлем туралы топтастырылған білім қалыптастыру
2. Оқушылардың танымдық оқу әрекеті арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту
3. Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: қайталау, іскерлік дағды
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл - күй ахуалын туғызу
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өтілген материалды пысықтау
1. Үй тапсырмасын тексеру
168 - жаттығу
2. Қайталау мақсатында сауалнама жүргізу
1. Сөйлем деген не?
а. Аяқталған тиянақты ойдың көрсеткіші
ә. 2 - 3 сөзден құралған ой б. адамның айтпақ ойы
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а, 2 - ге ә. 3 - ке б. 4 - ке
3. Көңіл күйге байланысты айтылған сөйлем
а. сұраулы сөйлем ә. лепті сөйлем б. хабарлы сөйлем
4. Сөйлем неден тұрады?
а. мәтіннен ә. сөзден б. буыннан
5. Сөйлемнің алғашқы сөзі қалай жазылады?
а. азат жолдан ә. бас әріппен б. кіші әріппен