Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
2. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, суретті жұмбақтар, ойындар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, ой қозғау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 6 - жаттығуды тексеру.
ІІІ. Өткенді пысықтау.
Ой шақыру Қыс қызықтары ойыны.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Сын есім дегеніміз не?
3. Етістік дегеніміз не?
4. Сан есім дегеніміз не?
5. Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Қыстырма сөздің тыныс белгісі.
7. Сөйлемнің біріңғай мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
8. Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
9. Синоним қандай сөз? (мағыналас)
10. Омоним сөздер.(дыбысталуы бірдей)
11. Күрделі сөз дегеніміз не?
12. Сөйлем түрлерін ата.
ІV. Жаңа сабақ. Қызығушылықтарын ояту.
1. Суретті жұмбақ шешу.
Гүл+жан, Гүл+жайна, Гүл+бақыт, Ай+гүл, Күн+сұлу, Күн+тізбе.
2. Фигураны тап ойыны.
Біріккен сөздер. жүктеу