Есептің қойылымы
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Бұл курстық жұмыстың мақсаты- деректер базасын құру және онымен
жұмыс істеу.Олардың қарым-қатынасын құрып,оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында “Реляциялық алгебра”- операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:
1) Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.
2) Жолдың реттілігі маңызды емес.
3) Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
4) Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.
Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-тілі тек “Реляциялық алгебра” оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.
Сессия қорытындысы жайлы мәліметтер анықтаманы жасау – еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр.Жасалынған жоба студенттердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып әр бір өтілетін пәндер жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.
Сессия қорытындысын автоматтандырудағы біздің мақсатымыз - өте аз уақыт ішінде пән және оның өтілу уақыты, сонымен қатар сессия қорытындысы қандай болатындығы жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.