Атау септік

Скачать

7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Септік жалғаулары туралы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғырту, тереңдете түсу.
2. Тәрбиелік: Көркем, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл мәдениетін арттыруға машықтандыру.
3. Дамытушылық: Өткен сабақтардан алған білімдерін қайталауға арналған әр түрлі жаттығулар арқылы балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға дағдыландыру. Мәнерлеп оқуға баулу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері,
Сабақтың көрнекілігі: лингвистикалық кесте, презентация, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 29 - жаттығу Үш сөзді тәуелдеу, мақал - мәтел болуы керек.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақтың барысы:
1. Идеялар жинау.
2. Теориялық білім беру.
. 3. Септіктер бейнесі.
.. 4. Жаттығу жұмыстары
...*Материалды меңгерту жаттығулары * Шығармашылық ізденіс жаттығулары
5. Тест (Интернет арқылы тест орындалады, сертификат беріледі, топтық ұпайға байланысты бағалау) KazJur блог жүйесіндегі білімге арналған блог
- http: baqytgul. kazjur. kz

1. Идеялар жинау
Абылайдың ақ туы – Бұл сөз бұрын күллі қазақ атынан айтылар ұранның баламасы ретінде жұмсалатын болған.
Тапсырма: берілген сөйлемнен тәуелденіп тұрған сөзді табу

2. Теориялық білім беру.
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты.
Грамматикалық септіктер (атау, ілік, табыс) негізінен тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әрқайсысы екі сұраққа ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені? Ал көлемдік септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) заттық мәннен яғни объектілік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады. Сондықтан барыс септік кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, жатыс септік кімде? неде? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа көмектес септік кіммен? немен? деген сұрақтан басқа қалай? деген сұраққа да жауап береді.

3. Септіктер бейнесі
Оқушылар өздері таратылған септік тердің кейпіне түсіп өз - өздерін таныстырады. Әр септік белгілі столдарға отырады, бір - біріне түсіндіреді және ортадан бір оқушы шығып септіктің бейнесін сомдайды.
1. Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы қосымшасы жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар,
Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.

2. Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы – меншіктілік, иелікті, меншіктілік - қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылады.. Мысалы: мектептің маңы – мектеп маңы, есіктің тұтқасы – есік тұтқасы.
3. Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік ұғымдарды білдіреді. кімге? неге? Деген сұрақтарға жауап береді.
4. Табыс септік. Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Сұрағы кімді? Нені?
5. Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Сұрағы кімде? Неде? Қайда?.
6. Шығыс септік.. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді. Сұрақтар: Кімнен? Неден? Қайдан?
7. Көмектес септік
Бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Сұрақтары:
– мен, - бен, - пен түрлері жиі қолданылады, Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі – олардың жуан варианты жоқ.
Есте сақта! (Ерекше есте сақтауды қажет етілетін теориялық білім жеңілден күрделіге қарай ұғындырылады.)
1. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі – олардың жуан варианты жоқ.
2. Дыбыс үндестігіне байланысты да әр септіктің қосымшаларының түрлі вариантта келетінін мына кесте арқылы түсіндіру.
Септіктер ------------- Септіктердің жалғаулары
1. Атау ----------------- жоқ
2. Ілік ----------------- - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
3. Бары --------------- - ға, - ге, - қа, - ке, - на, - не, - а, - е
4. Табыс ------------- - ды, - ді, - ты, - ті, - ны, - ні, - н
5. Жатыс -------------- - да, - де, - та,- те, - нда, - нде
6. Шығыc ------------- - нан, - нен, - дан,- ден, - тан, - тен
7. Көмектес --------- - мен,- бен, - пен

Септік жалғауының жай септеу түрі мен тәуелді септеу түрін салыстыру
• жай септеу --------- тәуелді септеу
1. қалам ------------- қаламым
2. қаламның ------- қаламымның
3. қаламға ---------- қаламыма
4. қаламды ----------- қаламымды
5. қаламда ------------ қаламымда
6. қаламнан ---------- қаламымнан
7. қаламмен ---------- қаламыммен

34 - жаттығу Материалды меңгерту жаттығулары
Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып, талдау. Септелген сөздерді ретімен кестеге түсіру.

Септіктер Мәтіннен алынған мысалдар
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес

• 36 – жаттығу Шығармашылық ізденіс жұмысы
• Әр жолға ұйқас табу Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын табу.

Тест (Интернет арқылы тест орындалады, сертификат беріледі, топтық ұпайға байланысты бғалау)
• Білімді мыңды жығады

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру Есімдерімізді жылдам септеп үйренейік


Скачать


zharar.kz