Математика 2 сынып
Тақырыбы: 100 көлемдегі санарды таңбаша қосу, азайту. Ондықтан аттап қосу, азайтуға пысықтау есептері
Мақсаты: 1) Өтіп жатқан тақырыпты, тиянақтау, түрлі тапсырмалар арқылы негізгі түрлі тапсырмалар арқылы негізгі тақырыпты қамту, білімдерін бекіту, ауызша және жазбаша есептерді шығара алуымен қоса оның шығу жолын есте сақтауды қалыптастыру.
2) Оқушының топпен қарым - қатынаста болу арқылы өзінің жеке даму деңгейін өсіруге, өз орнын таба білуге, алға қарай тырыса жұмыс жасауға тәрбиелеу.
3) Ойлау қаблеттерін шыңдап шапшаңдық пен ізденімпаздыққа өзіне деген сенімділікке баулу.
Түрі: Жарыс сабағы
Әдісі: Талдау, сұрақ - жауап, топпен, жеке жұмысы.
Көрнекілігі: Логикалық тапсырмалар, слайдтар, ат макеттері, мақал, т. б. суреттер, киіз үй
макеті.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым. Осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№5 (Баған түрінде орында, дұрыстығын тексеру. Оқушыларға оқыта отырып тексеру)
III. Жаңа сабақ.
Оқушылар, бүгін бізде ерекше сабақ. Алдағы уақытта не істейтінімізді сендер өздерің, біліп табу керексіңдер.
Ол үшін тақтадағы берілген кестедегі сандардың орналасуы бойынша әріптерді орнына қойып шыққан сөздерді оқимыз.
Бәйге - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, яғни ат жарысы. Белгілі бір мерекелерде, аламан тойларда бәйге жариялау қазақ халқының ежелгі салт дәстүрі.
Бәйгеге шабытын аттарды күтіп, баптап арнайы дайындаған. Бәйгеге балалар шабатын болған, тіпті қыздарды да отырғызған, себебі - олардың салмағы жеңіл. Бұл атқа да жақсы. Ендеше бүгінгі сабағымыз. Бәйге жарысы деп аталады.
Бәйгеге қосылған аттар ұзақ қашықтыққа шабатын болған. Бүгін бізде үлкен қашықтыққа шабамыз, яғни оқулықтан және тағы да қосымша тапсырмаларды орындаймыз. Әр тапсырма орындалса ол 1 шақырым деп есептеледі. Сонда сабақта біз 10 тапсырманы орындасақ 10 шақырымға шапқан боламыз. Межелі жерге, яғни мәреге тапсырмаларды қатесіз орындап, бұрын жеткен топ жүлдегер атанады.
- келістік пе?
- Ендеше, мына сандықтың ішінен әр топ өздерінің мініп шабатын жүйрік тұлпарының атын таңдайды.