Атырау қаласы, №24 тәрбиеші
Тлеубергенова Гульназ Сериковна
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Математика. Құрастыру. Сурет.
Тақырыбы: Саяхат .
Мақсаты: заттарды аз - көп, көлеміне қарай санау арқылы үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, дөңгелек пішіннен көпір құрастыру. Ұсақ сезім моторика мүшелерін дамыта отырып, қыстырғышпен жұмыс жасауын қалыптастыру. Балаларды қызығушылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: күн, орамал, қобдиша, көк мата, геометриялық пішіндер, қоян, шыпша, үй, әтеш, тауық, қыстырғыш, бидай, фасоль, ұнтақ ботқасы, жұмыртқа, әже.
Әдіс - тәсілдері: амандасу, түсіндіру, көрсету, ойын, монтнссори, ұсақ моторика,, қорытынды.
Билингвальды компонент: көпір - мост, тас - камень, әтеш - петух. Балаларды әдемі әуенмен залға кіргізу.
Амандасу.
Күн нұрын көрсету арқылы ғажайып сәт ұйымдастыру. Әуенмен залға кіреді.
Жылы лебіздерін білдіреді.
Күн сәулесін ашық екенін сезініп балалар қуанады.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
Аттары қандай?
Балалар қазір күн шуағы жарқырап тұр!
Ендеше бүгін біз саяхатқа шығамыз ба?
Балалар біздің саяхатымыз қызықты да көңілді болу үшін біздің алдымызда кездескен көптеген тапсырмаларды толығымен орындауымыз қажет.
Әдемі қобдишада не бар екен, ашып көреміз бе?
Мұнда көптеген суреттер берілген, осы сурет арқылы аз - көпті ажыратамыз.
Аз - көп ойыны:
Балалар алдымызда су бар екен, енді осы судан өту үшін біз не істейміз?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Геометриялық пішіндерден көпір жасау ойыны:
Қоян кездеседі, қоянның көңілін көтеру сәті.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Үйшіктен әтеш шығып айқайлайды. Көмек сұрайды, әтештің отбасы бар екен балалар ол тауық.
Бізден көмек сұрап жатыр.
Құйрық жасау түстеріне қарай қыстырғышпен құйрық жасайды тауықтарға.
Ұсақ моторика Бидай және фасоль ажырату.
Ұнтақ ботқасымен күн суретін салады.
Әже қоянын тауып алғанына қуанып балаларға жұмыртқа сыйлайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Геометриялық пішіндерден көпір жасауы.
Түсінеді: Көмек сұраған достарға қашанда көмектеуін.
Қолданады: Берілген тапсырмаларды мұқият орындау.