Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Г дыбысы мен әрпін таныстыру және Г дыбысы бар сөздерді оқи білу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.
3. Г әрпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап таза, борда дайын тақтада.
Денемізді жинақтап, отырайық партаға.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар өткен сабақта қандай дыбысты өттік?
- Ү қандай дыбыс?
үкі, үйрек суреттерін іліп буындық, дыбыстық талдау жасау
- Әріптерден не құралады?
- Сөзден не құралады?
Олай болса мына суреттерге қарап сөйлем құрастырайық. үкі, үйрек
- Кім кінәлі? Жатқа айту
- Рөлге бөліп ойнату
ІІІ. Жаңа сабақ. жұмбақ жасыру
Аналарға сыйлайтын, аралар бал жинайтын.
Үзуге адам қимайтын.
Бұл немене, балалар?
Балаларға хормен айтқызу – Гүл
- Ең бірінші қандай дыбыс естіледі?
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы мен әрпі
- Г дауыссыз дыбыс, тіл арқылы жасалады, шұғыл айтылады
Г хормен айтқызу
- Г - дан басталатын сөздер айтқызу
- Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді
ІҮ. Ойын Қол шапалақтау
Шарты; Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, қол шапалақтаймыз
Жоқ болса шапалақтамаймыз
Көгершін, көбелек, бәйге, тай, гүл, балапан, газет, мысық, шеге, бүлдірген.
Ү Бағандағы сөздермен жұмыс
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Құс боп көкке ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
ҮІ. Дәптермен жұмыс
Гг әрпін үлгі бойынша жазу.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс
Ақ көгершін түсіндіру
Әнін хормен айту.
ҮІІІ. Буыннан сөз құрау ойыны
Ше - та
Ма - ла
Да - ге
Қа - на
Ша - ла
ІХ. Қорытынды
Х. Үйге тапсырма Ақ көгершін жаттау
Үлгідегі сөздерді жазу.
ХІ Оқушыларды мадақтап, гүлмен бағалау.