Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен берілген есептерді шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен жаттығуға арналған мәтінмен берілген есептер туралы түсінік бере отырып, есептің мағынасын түсініп оқып дұрыс талдай білуге, негізгі мәселені ажырата білуге дағдыландыру, алған білімдерін есеп шығару кезінде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, талдау, саралау, салыстыру, қолдану, есте сақтау, іздену, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез есептей білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыны әр нәрсеге сыни тұрғыдан қарап, дұрыс түсініп қорытынды шығара білуге, ойлаған ойын ашық жеткізуге, сабаққа белсене қатысуға, өзі мен өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Оқушылардың білімін жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, есеп шешу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, жетондар, тест, сызба суреттер, формулалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру
ә) Сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөлемін
б) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 1). Оқыту арқылы тексеру №971; №1007
2) Сұрақ - жауап
1. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
2. Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
3. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
4. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
5. Жартыны ондық бөлшек түрінде қалай айтамыз?
6. Шиекті ондық бөлшекпен қалай айтамыз?
2) Кім жылдам?
Топ жетекшілері біріне бірі кеспе қағаздар бойынша тапсырмалар береді. Мысалы мына түрде: А1+Б6; В3 - Г2 т. с. с. Шығарылған есептер санына байланысты жетондар алады.
--------- А --------- Б ---------- В ---------- Г
1 ------ 3, 89 ----- 0, 253 --- 4, 16 ----- 2, 5
2 ------ 1, 23 ------ 6, 2 ------- 3 -------- 4, 7
3 ------ 0, 245 ----- 5, 21 ---- 5, 023 --- 0, 291
4 ------- 4 ---------- 12 -------- 6, 4 ------ 2
3. Жаңа білімді меңгерту
Жаттығуға арналған мәтінмен берілген есептер туралы мағлұмат беру. Талдау, есептің берілгенін дұрыс жазу.
1 - мысал. Ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы 13, 4 км сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 1, 7 км сағ. Қайық 1 сағатта ағысқа қарсы қандай қашықтықты жүріп өтеді.
Шешуі: 13, 4 - 1, 7=11, 7
Жауабы: 11, 7м
2 - мысал. АВ кесіндісі қандай да бір нүктемен екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөліктің ұзындығы 5, 6см, екінші бөліктің ұзындығы 4, 2см. АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?
Шешуі: А * ----------------- С *---------------------- *В
АВ=АС+ВС=5, 6+4, 2=9, 8
Жауабы? АВ=9, 8см
3 - мысал. Көлемдері бірдей (1смі - ден) мыс, күміс және алтын алынды. Мыстың массасы 8, 9г, күміс мыстан 1, 6г ауыр, алтын күмістен 8, 8г ауыр. Алтынның массасы қанша?
Шешуі: Мыс – 8, 9г
Күміс – ------ 1, 6г артық
Алтын --------- 8, 8г артық.?
((8, 9+1, 6)+8, 8)=19, 3
Жауабы: 19, 3г
4 - мысал. Ит 9, 1м с жылдамдықпен өзінен 264 5 м қашықтықта отырған қоянға жүгірді. 1 секундтан соң ит пен қоянның арасы қанша метр болады?
Шешуі: 264 5 - 9, 1= 26, 8 - 9, 1= 17, 7 (м)
5 - мысал. Үшбұрыштың периметрі 6, 7см. Оның бір қабырғасы 2, 3см, екінші қабырғасы біріншісінен 0, 5см ұзын болса, үшінші қабырғасының ұзындығын табыңдар.
---- В
А ---- С
Шешуі: Р=6, 7см; Р=АВ+ВС+АС; ВС=Р – (АВ+АС)
АВ=2, 3см
АС = АВ+0, 5см=2, 3см+0, 5см=2, 8см
ВС= 6, 7 – (2, 3+2, 8)= 1, 6
Жауабы: 1, 6см
4. Сергіту сәті. Кім жылдам?
1. Алманың жартысы неге ұқсайды?
2. Математика сөзінде неше әріп бар?
3. 15 минут бір сағаттың қандай бөлігі?
4. Тәулікте неше сағат бар?
5. Көбейтінді қай уақытта нөлге тең болады?
6. Ширек ғасырда неше жыл бар?
7. Бір жай сан ба, құрама сан ба?
5. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару
№959, №964, 976, 1003, 1005
6. Бекіту. Интерактивті тақтада.
1). Кім қателесті?
Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен екі теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай шарт қояды: Мен саған екі теңге емес 200 тиын беремін, бірақ сен оны маған өзін - өзі көбейткендегі өсіммен қайтарасың дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келісіп, екі теңгесі не, екі жүз тиыны не бәрібір емес пе? деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне төрт теңге әкеліп береді. Бірақ көршісі 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады.
Қателескен кім? Көрші шаруадан неше теңге қайтаруын талап етті?
2) Шығармашылық тапсырма Суреттердің бірнеше бөліктерін бояп, боялған және боялмаған бөліктерді ондық бөлшекпен жазыңдар:
3) Баламалы тест тапсырмасы:
1. Ондық бөлшек түрінде жаз: 27 5
А) 3, 4
Ә) 0, 34
Б) 0, 034
В) 34
2. Қосуды орында: 19, 07+3, 23
А) 2, 3
Ә) 22, 3
Б) 0, 2, 23
В) 0, 223
3. Теңдеуді шеш: х - (17, 035 - 13, 965) = 220, 1
А) 22, 348
Ә) 2, 23485
Б) 223, 485
В) 223
4. Ондық бөлшектерді азайт: 8, 65 – 7, 75
А) 3, 4
Ә) 0, 9
Б) 0, 09
В) 9
5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр: 4, 34
А) 434 100
Ә) 34 10
Б) 434 1000
В) 34 100
7. Қорытынды. Бағалау
Бағалау парағы
Рефлексия
Бүгін сабақта не істедік_______________________________________
Білемін
Үйренгенім
Білгім келеді
8. Үйге тапсырма: №972, №1004
Шығармашылық тапсырма: №1007