Тригонометриялық функцияларды таңбалары арқылы анықта

Скачать

Алгебра 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді меңгере отырып, алған
білімдері мен біліктерін жүйелеу
Дамытушылық: Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді өрнектерді ықшамдауда, теңбе - теңдікті дәлелдеуде қолдана білу. Оларды өрнектерді түрлендіруде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге
ұмтылуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірме
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
1) психологиялық тренинг Шаттық шеңбері
2) Жалғасын тап тапсырмасы арқылы оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Ой сергіту
1) Үй жұмысын тексеру (ауызша)
2) тригонометриялық тренажер
1. бос орынды толтыр
2. Тригонометриялық функцияларды таңбалары арқылы анықта:
3. Адасқан формула ойыны

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
ДЖИГСО әдісі арқылы сабақты түсіндіру
ІҮ. Миға шабуыл (оқулықпен жұмыс)
Ү. Қызығушылықты ояту
Тарихи мәлімет (реферат)
Тест есебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье селосы
Ю. А. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Муханова Насип Абиловна



Скачать


zharar.kz