Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Мамай батып ауылы, М. Ломоносов атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ашимова Гульнара Смагуловна
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту 3 + 56; 30 + 24
Мақсаты: Ондықтан аттамай екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, екі таңбалы сандар мен ондықтарды ауызша қосуды тиянақтай түсу. Ауыстырымдылық қасиетті қолдану тиімділігін байқау.
Ресурстар: Презентация, үлестірмелі тапсырмалар, бағалау парағы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.
Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Топқа бөлу (жапырақтар суреттері бойынша)
Үй тапсырмасын тексеру
Серпілген сауал . Доп лақтыру арқылы оқушыға сұрақ қойылады.
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. Қосу амалының компоненттерін ата?
3. Қосу амалына кері амал?
4. Қосу амалының қандай қасиеті бар?
5. 40+4 қосындысының мәні неге тең?
6. 56 - 6 айырмасы
7. 72 санының ондық құрамы?
8. 6 ондық 8 бірлік қандай сан?
Қызығушылықты ояту Топтық жұмыс Бірге ойлаймыз!
Теңдеу беріледі
10 – а = 5
а – 5 = 5
5 + а = 10
Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Айырмашылығын тап... жаңа стратегия бойынша мысал беріледі.
56 + 3
56 + 30
87 – 5
87 – 50
Сергіту сәті Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды)
Жел басылды, күн ашылды (тып-тыныш отырады)