Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу.
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл - ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сөйлемнің дара және күрделі мұшелері туралы түсініктері қалыптасады. Сөйлем мүшелеріне талдауға бейімделеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Қызығушылығын ояту
Балалар, біз желтоқсан айында қандай ұлы мерекені тойлағалы жатырмыз?
- Туған еліміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін тойлағалы жатырмыз.
- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық.
- Дұрыс, балалар. Біз жылдар, ғасырлар бойы ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді осыдан 25 жыл бұрын алдық. Ол үшін біздің қаншама аталарымыз, апа - ағаларымыз қан төкті.
Ендеше, ата - бабаларымыздың бізге нені мұра қылып қалдырғанын бүгін сабақта тапсырмаларды орындай отырып білейік.
Үй тапсырмасы
Алдымен бізге не қалдырғанын білу үшін үй тапсырмасын сұрайық
Үйге берілген 19 - жатт. 2 - бөлігіндегі сөйлемдерді оқиық.
- Балалар сіздер үй тапсырмасын өте жақсы орындапсыздар. Олай болса, 1 - мұра не екенін білейік 1 – ші мұра жер екен.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсініндіруді кесетедегі сөйлемдерді талдатудан бастаймын. 22 - жаттығу
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
▪ Дара мүшелер
Аптада жеті күн бар
Айгүл мектепке келді.
Ақ көбелек гүлге қонды.
▪ Күрделі мүшелер
Бір жылда он екі ай бар.
Дулат үйге келе жатыр.
Ақ сары балапан сүйкімді - ақ.
Көріп отырғанымыздай сөйлем мүшелері дара және күрделі болады екен. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері . Қазір дәптерлерімізді алып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қояйық. Олай болса ережені айтып, екінші мұра не екенін білейік.
Дара мүше деп - бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз.
- Күрделі мүше деп - екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз.
(2 - мұра шаңырақ екен)
23 - жатт. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту.(ауызша) Өте жақсы жаңылмай айтқандарыңыз үшін 3 - ші мұраны ашайық (3 - мұра - бесік )
24 - жатт. Сөйлемдерді көшіріп жазу Сөйлем мүшелеріне талдау.
(4 - мұра – ою - өрнек)
Мұғалім: Бектлеуова Б. Т.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу. жүктеу