Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Мақсаты: Балаларды 7 саны мен таныстыру, тура және кері санауға үйрету. 7 санының сандық құрамын меңгерту. Санамақ, тақпақ ойын арқылы баланың тілін есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Дәптерге ұқыпты жаздыру.
Көрнекілігі: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлер суреті, интерактивті тақта, тірексызба.
Мотивациялық - Қозғаушы кезең
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
II. Өткенді қайталау:
а 6 - ға дейн тура, кері санау.
б\6 - санының құрамы.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз Бауырсақ ертегісін есімізге түсірейік.
Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
Ия дұрыс айтасыңдар, 5 және 7 сандары. Ендеше, біз сендермен 6 санының оң жақ көршісі 7 санымен танысайық. 7 санымен танысу үшін Бауырсақ ертегісі бойынша кедергілерден өтеміз. Балаларға
ертегі мазмұнын айта отырып, тапсырмалар орындату.
Ерте, ерте ертеде атай мен әжей болыпты. Бір күні атай бауырсақ пісіруді өтінеді. Әжей солай жасап, бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суытуға терезенің алдына қояды. Жата - жата жалыққан бауырсақ домалай жөнеледі. Қарсы алдынан қоян шығады.
Толық нұсқасын жүктеу