Энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші

Скачать

Мыс – тас ғасыры (энеолит)

Конспект
Энеолит (мыс - тас) дәуірі б. з. б. 3000 - 2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б. з. б. 3000 - 1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс - тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б. з. б. 3 - 2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.

Конспект сұрақтар
1. Шебір тұрағы табылған жер:
2. Энеолит дәуіріндегі ірі өзгерістер:
3. Энеолиттік тұрақтар:
4. Ежелгі адам металдан жасалған құралдарды игере бастады:
5. Энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші:
6. Мыс - тас ғасыры (энеолит) қай мыңжылдықты қамтиды:
7. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы қанша гектар жерді алып жатыр:
8. Энеолит дәуіріне жататын қай тұрақтан теңіз маллюскаларынан жасалған моншақ табылды:
9. Энеолит дәуірінде қайтыс болған адамды қалай жерлеген:
10. Аталық ру қай дәуірде орнай бастады:
11. Энеолит кезеңіне жататын Ботай ескерткіші Қазақстанның қай аймағынан табылды:
12. Энеолит кезеңіне жататын Ботай тұрағының мерзімін көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Мыс – тас ғасыры (энеолит). жүктеу


Скачать


zharar.kz