Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың топырақ туралы түсініктерін кеңейту. Топырақтың негізгі қасиеттері, құрамы туралы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірибе жасау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Менің аты - жөнім: Толеу Айжан Нуржановна. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
а) Психологиялық дайындық.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін сабаққа деген көңіл - күйлерін қандай? (смайлик көрсету)
- Сабаққа дайынбыз ба?
II. Өткенді қайталау:
Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар? (Пайдалы қазбалар)
- Олай болса кім үй жұмысын айтып береді?(2 - 3 баладан сұраймын.)
Жарайсыздар үй жұмысын барлығы оқып келіпті, олай болса тест арқылы үй жұмысын қортындылайық.
1. Пайдалы қазбаларға жатады.
а) темір кенінен алынған металл;
ә) тау жынысы;
б) техника бөлшектері;
в) жер қыртысының қатты бөлігі.
2. Құмтас деп:
а ) құм аралас тас;
ә ) қайырылған тас;
б) құрылыс материалдары;
в) қатты тас.
3. Бос жынысқа жатады.
а) құм және цемент;
ә) мұнай, газ;
б) гранит;
в) құм және газ.
4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:
а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;
ә) жанғыш, кенді, кен емес;
б) бағалы, құнсыз, жанатын;
в) металл, тау жынысы, қара алтын .
5. Кен орны
а ) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері;
ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;
б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;
ә) тау жыныстарының қосындысы.
III. Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы.
- Пайдалы қазбалар бізге қалай пайдалы болса, сондай бір пайдасы мол жер бетіндегі табиғи жаратылыстың бірі - топырақ. Ал топырақтың қандай пайдасын білесіңдер балалар?
IV Жаңа сабақ:
- Дұрыс айтасыңдар, Олай болса біз бүгін топырақты өтеміз.
- Балалар осы топырақ дегеніміз не?
Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
- Қанекей топырақ туралы анық білу үшін оқулығымызды ашайық.
a) Оқулықпен жұмыс. (77 бет)
- Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмасы неде?
- Қарашірік қалай пайда болады?
- Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
- Сор топырақ қалай пайда болады?
b) Дәптермен жұмыс. (81 бет)
Суреттерді қара. Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде? Өз ойында дәптерге жаз.
c) Сергіту сәті: Қара жорға биі (Видио)
d) Тақтамен жұмыс.
Суреттерге қарап, топырақтың құнарлылығын анықтап көрейік.
e) Топтық жұмыс. Топырақтың құнарлылығына жәндіктер, құрттар, т. б. жануарлардың тигізетін пайдасы жайлы айтыңдар.(ұжымдасып, бір - бірлермен келісіп ойларын толықтыру).
Бекіту.
Үйге тапсырма:(77 бет – 82бет.)
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері. (мазмұндап келу.)
Бағалау - Тамаша балалар, сендердің жауаптарыңда, жұмыстарың барлығы көнілімнен шықты. Сендерге көп рахмет. Сол сабептен барлықтарына қолымдағы жұлдызшыларды таратамын. Сендермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Сау болыңдар!!!
Әдіскер: Cулейменова С. Ы.
Практикант: Толеу А. Н.
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері. жүктеу