Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге, жазылу емлесін меңгерту және грамматикалық талдау жасауға, оны байланыстырып түсіндіре білуге машықтандыру;
ә) дамытушылық: Зейінін, ойлау жылдамдығын , есте сақтау қабілетін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа, газет-журналдарға қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу;
Технология түрі: Биоақпараттандыру және синергетика
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Карта түрі: Алгоритм
Сабақтың көрнекіліктері: ОӘЖӘ сызбасы, ТКШ, АКШ, ЖКШ тапсырмалары
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
1-слайд: Кітап, журналдар суреті
Кітап - адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, білім бұлағы.
Адамзаттың ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін – кітап. Сендер алғаш әліппеден бастап оқи отырып, кітаппен бірге ер жетесіңдер.
Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға, мәдениеттілікке, адамгершілікке, ізгілікке, шындыққа үйренесің. Баспасөз құралдары сендердің ақылгөй, адал достарың, өмірлік есті жолдастарың, сонымен бірге тұрақты да мәңгілік серіктерің.
Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін алдымен кітапқа борыштымын дейді М. Горкий.
2-слайд: Балдырған журналының тапсырмасы
( Бұл журналдан қызықты әңгімелерді, ертегілерді және жұмбақ , жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуға болады. Әңгіме , ертегіні оқу барысында нені білуіміз керек
3-слайд:
2. Тақырыптық сөздік қор
4-слайд:Айгөлек журналының тапсырмасы
ІІ. Жаңа сабақ
ОӘЖӘ сызбасы арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі
1.Түсіндіру
Жаңа сабақты ОӘЖӘ сызбасы арқылы қанша уақыт түсіндіргендігі анықталып, тақтаға жазылады. Оқушылар дәптердің оң жағына Байқау деп жазып қояды. Барлығы мұғаліммен бірдей 1 шапалақ соғады. Шапалақ бірдей шықпаса, қайта соғылады.
1-тапсырма беріледі.
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
ТКШ Біз жолға .................. алдық.
( тиісті қос сөзді тауып жазу )
АКШ Қырманда .................. астық үйілген.
( тиісті қос сөзді тауып жазу, түріне қарай ажырату )
ЖКШ Аспазшы жұмысшыларға ................... нан таратты.
( тиісті қос сөзді тауып жазу, түріне қарай ажырату, тұрлаулы мүшелерді табу )
Керекті сөздер: тәп – тәтті, ыдыс – аяқтар, тау - тау
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді. Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
5-слайд:Ерке журналының тапсырмасы
2 – түсіндіру . Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты:1- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына Бекіту деп жазады.Екі шапалақ соғылады. Егер - онда кестесі арқылы 2- тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
Аружан Ақботаға істің-----------------------түсіндірді.
Оқушылар----------------------------------сапқа тұра қалды.
Әжей асқарға------------------------------тоқып берді.
Керекті сөздер: қаз – қатар, мән – жайын, қолғап – шұлық
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
6-слайд: Бала би журналының тапсырмасы
3– түсіндіру . Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты: 2- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына Есте сақтау деп жазады.Үш шапалақ соғылады. Егер- онда кестесі арқылы 3- тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
Мұржадан-------------------- түтін шықты.
Самат-------------------------сөмкеге салды.
Ауылға дейін----------------шақырым жер қалды.
Керекті сөздер: бес – алты, будақ – будақ, кітап – құралдарын
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
7-слайд: Жыл он екі ай журналының тапсырмасы ( терме диктант )
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру, білімдерін толықтыру.
Кітапты жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады.Кітаптарды, газет-журналдарды бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап - Отан байлығы, аға – апалардың, ата - әжелердің маңдай тері екенін ұмытпаңдар.
Бекіту
8-слайд: Мөлдір бұлақ журналының тапсырмасы ( тест алу )
ІҮ. Қорытынды
Сонымен, кітаптарды, баспасөз басылымдарын оқи отырып, қандай дәржеге жетеміз
1) Сөздік қорымыз молаяды;
2) Оқу жылдамдығымыз артады;
3) Ақыл – ой , қиялымыз дамиды;
4) Адамгершілікке, айналадағы адамға мейірімділікпен қарауға, мәдениеттілікке, шындыққа, қайырымдылыққа үйренеді;
5) Шығармадағы оқиғаны өмірмен байланыстыра алады т.б
ҮІ. Бағалау нормасы: 8-9 дұрыс – 5
6-7 дұрыс – 4
3-5 дұрыс – 3
ҮІІ. Үйге тапсырма 1) 242 – жаттығу
2) Ережелерді жаттау
3) Кітап – білім бұлағы мақалына ребус немес пиктограмма құрастыру