Жүкті болған келінді күту дәстүрі.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр
1. Керегеге орамал таңу.
Келіннің жүкті болғанын сезген ене Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
2. Құрсақ шашу.
Келін жерік болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір - бір дәм пісіріп әкеледі.
3. Жуамен тамақтандыру.
Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп жегізеді.
4. Сағыз шайнату.
Іштегі бала шымыр болсын деген ниет.
5. Саз, топырақ, қызыл ірімшік жегізу.
Баланың сүйегі берік болуы үшін жегізеді.
6. Келін көңілі бас қосуын өткізу.
Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың бас қосуын ұйымдастыру.
7. Арқан еспеу.
Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.
8. Теңді буу, қаптың аузын жабуға рұқсат етпеу.
Керісінше жабулы заттардың алуға, буулы нәрселерді шешуге болады.
9. Түйе етін жемеу
Жүкті әйел баласын 9 ай емес 12 ай көтеруі мүмкін.
10. Келіннің етегін бүру, далаға жалғыз шығармау.
Түсік болдырмау үшін жасалады.