Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана.
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман қалған. Бұл Байтоқтыдан Мырзағазы деген, кейін Сарыүйсін аталып кеткен жалғыз ұл қалады. Марау ана өжет, бірбеткей, қайсар, өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне ермейтін мықты адам болған екен. Ел - жұрты құрметтеп, оның атын атамай, "Сары бәйбіше" деп кеткен.