Ақтөбе облысы
Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің
физика және информатика
пәні мұғалімі Сагынова
Ибаш Тұрғанбайқызы
Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақ мақсаты: Импульстің салыстырмалы шама екені, ал импульстің сақталу заңы барлық инерциялық санақ жүйелерінде орындалатындығы жайлы мәліметтер беру.
Міндеттері:
1. Оқу мақсаты: Тың мәліметтер бере отырып, теорияны практикамен ұштастыра білу.
2. Тәрбиелік мақсат: Жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу, мамандыққа баулу.
3. Дамыту мақсаты: Формулаларды қорыта білу, формулаларды тиімді пайдалану қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдіс-тәсілі: Ауызша, практикалық, иллюстративті.
Көрнекілік: Әртүрлі шарлар.
Пәнаралық байланыс: Математика,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сынып дайындығы, оқушы бейнесі.
ІІ. Қайталау.
Күш дегеніміз не және қандай шама?
Қандай күштерді білесің?
Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңдарының мәні неде?
Дененің массасы нені сипаттайды?
Жылдамдық нені сипаттайтын шама?
Қозғалысты қалай түсінесің?
Пысықтау.
ІІІ. Түсіндіру.
Қозғалыстың масса m және жылдамдыққа υ тәуелділігін сипаттайтын шама дене импульсі немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.