Гагауз мақал-мәтелдерінен
Оқығанның көзі төртеу.
Төңкерген ыдыс толмайды.
Арамзаның арқанымен құдыққа түспе.
Есек болса, ерттеуші табылар.
Құс – қанаттасымен қатар ұшады.
Көз көргенді көңіл тілейді.
Асығыс іске әзәзіл араласады.
Өсекші жоқ болса,
Өкпелесу де жоқ.
Әр сөздің асыл орны бар.
Ертегінің иесі жоқ.