Екі баған ортасында таған, Ұқсайды оған қай әріп

Скачать

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 1. 9. 2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1. 1. 9. 3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Б. Бөрiбаев
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы
№1 Тыңдалым.
Екі баған ортасында таған,
Ұқсайды оған қай әріп? (Н әрпі)
Әліппе дәптермен жұмыс.
- Балалар, дәптердегі суреттерді атап жіберейікші.
САНДЫҚ, НАР, КҮН
Сандық сөзінде н дыбысы қай жерде келіп тұр?
Нар сөзінде ше?
Күн сөзінде ше? Дұрыс айтасыңдар, Н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Н дыбысына дауысты дыбыстар қосып буындар құрау.
Н -- А НА, Н -- О НО, Н — У НУ

Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
Б. Бөрiбаев
Мұғалімі: Баймырзаева Т. К.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі. жүктеу


Скачать


zharar.kz