Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Жамбыл ауылы, Жамбыл орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тауданбекова Гулбахыт Тауданбекқызы
Ұлт лидері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шыққан тегі, балалық, мектептегі кезі туралы жан - жақты білім беру. Елбасының үлгі - өнегесіне, өз елін, жерін сүюге, адамгершілігіне тәрбиелеу.
Оқушыларды түрлі дерек көздерімен бірлесіп жұмыс жасауға, алған мәліметтерін салыстырып, талдауға үйрету. Зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ көрнекіліктері: Кітаптар көрмесі, Н. Ә. Назарбаевтың балалық кезеңінен – бүгінгі күнге дейінгі өмірінен слаидтар, баспасөз материалдары, қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс конференция сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сыныпты төрт топқа бөліп конференция сұрақтарын алдын - ала беру.
б) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, өтілу барысымен таныстыру
1. ТАРИХШЫЛАР тобы
2. ЭКОНОМИСТЕР тобы
3. САЯСАТШЫЛАР тобы
4. МӘДЕНИЕТТАНУШЫЛАР тобы
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған жұмыстарын талдау үшін оқушыларға сөз береміз.
ТАРИХШЫЛАР.
Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Жетісу жерінде, яғни Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында туған. Елбасының атасы Назарбай өз аймағында билік жүргізген, қолында мөрі болған, ел басқарған адам екен. Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауы деген жерлерді қоныс қылып мекендеген. Назарбай елді отырықшылыққа икемдеп, жерге тұрақтандыруға көп көңіл аударған адам екен. Елбасының әкесі Әбіш Назарбай ақсақалдың кенжесі болған. Назарбайұлы Әбіш қазақ халқының атақты батыры Қарасайдың жетінші ұрпағы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әкесі туралы былай еске алады:
... Мен әкемнің қай кезде ұйықтайтынын немесе ештеңе істемей, құр тынып отырған сәтін көрген емеспін. Егін салуды жақсы білген. Ол дәулетті орыстар қолында өскендіктен, пәлендей білімі болмаса да, миуа ағаштарын будандастыруға кәнігі еді. Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерден де көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын .
Болат Назарбаев, Елбасының інісі, өзінің Аға атты кітабында әкесі жайлы мынадай естелік жазады:
... Менің әкем кісі затына қызықпаған, тек адал еңбегімен ғана өмір сүрген жан еді. Өте шаруақор адам болатын. Жас күнінде Никифоров деген ауқатты орыстың үйінде жалданып жұмыс істепті. Әкем жер өңдеуді де білген, етік те тігіпті. Диірмен де тартқан. Сауда - саттықтан да құралақан емес еді. Орыс, қазақ әндерін де нақышына келтіре айта білетін .
Әбіш пен Әлжан Үшқоңырда танысады. Онда Әбіш үш жүз арестантқа жол шаптырып жатады. Сонда жүргенде ақ құба өңді Әлжанға көзі түсіп, бір жыл сөз салып жүріп, ақыры үйленеді. Содан бір бөлмелі үйде Әбіштің шешесі Мырзабала, жамағайыны болып келетін Мәмбетай ата мен Бүбай апа, бесеуі бірге тұрады.
Көрініс.
Автор. Жақсыны құдай бір шикі өкпеден қысады деген. Әсіресе, әкеден жалғыз Әбіш Ең болмаса жүген ұстайтын бір ұл берші деп Жаратқанға жалбарынумен жүреді. Екеуінің үйленгендеріне бес - алты жыл болғанымен, балалары тұрақтамай шетіней беріп, бір перзентті армандап зарығып жүргенде, әулие жағалап, Райымбек атаның басына түнеп қайтуға ниет етеді. Жарым түн ауғанда ақ киім киген, ақсақалды қария келеді де, Әлжанға қарайды. Ол кісі сөйлеуге ишара білдірейін десе, үндеме дегендей қолын тіктейді. Содан жата береді. Бір кезде көзін ашса, әлгі адам жоқ. Бұл бірінші түн болатын. Екінші түні әлгі кісі тағы да келіп, жанына отырады да.