Қөңілді тамшылар дәстүрден тыс сурет салу

Скачать

Үздік ұстаз бәйгесіне
Тақырыбы: Күн шығыс еліне саяхат
(З. Дьенеш логикалық блоктарымен ІІ кіші тобына арналған)
Білім саласы: Таным, шығармашылық.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Күн шығыс еліне саяхат .
Мақсаты: З. Дьенеш логикалық блоктарымен жұмыс жасау дағдыларын нығайту, түсі, көлемі, пішіні бойынша бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз бен іс - қимыл байланыстарын жетілдіру, балалардың қабылдауын дамыту.
2. Жинақталған біліктілік деңгейлерін арттыру.
3. Балалардың өз ойларын айта білу және көпшілік ішінде қарым - қатынас кезінде қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: З. Дьенеш логикалық блоктары, әртүрлі пішінде жасалған хат, құлыптың макеті, аюлардың суреті, гуашь, салфеткалар.
Сөздік жұмыс: хат
Билингвалды компонент: күн – солнце, бұлт – облака.
Әлеуметтік инклюзия: Глеб, Соня, Андрей.
Инновациялық технология: З. Дьенеш блоктары

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін көптеген қонақтар келіпті, сәлемдесе отырып, шаттық шеңберін айтайық.
Армысың алтын күн!
Армысың алтын Жер!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.
- Балалар, біздің балабақшаға газет - журналдармен бірге хат келді, соның ішінде біз топқа да бар. Қайсы хат екенін білу үшін көмекші сызбалар берілген.

- Берілген сызбаларды атаңдар.
Тәрбиеші хатты ашып, оқиды: Сәлеметсіңдер ме балалар. Біз күн шығыс елінің тұрғындарымыз. Бұлт күнді тығып қойды. Күнді табуға көмектесіңдерші?
- Көмектесеміз бе?

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Күнді іздеуге автобуспен барайық. Билеттерді алып, өз орындарыңа отырыңдар. Мен тексеруші боламын.

- Міне келіп жеттік.
Құлыптаулы қақпа
- Балалар, Күн шығыс елінің қақпасына тап болдық. Бірақ, қараңдаршы, мұнда құлып ілулі тұр екен.

- Егер кілтін дұрыс тапсақ, қақпа ашылады.
- Жарайсыңдар, қақпаны аштық, алға жүрейік.
Алаңқай
- Балалар, қараңдаршы, біз сендермен алаңқайға келдік. Әртүрлі гүлдің шырынын аралар түстері бойынша өз ыдыстарына жинауда.
Араларға көмек берсек, бізге күнді табуға көмектеседі.

- Аралар бізге күннің қайда екенін тауып берді.

- Міне біз бұлтты таптық. Бұлт қандай екен?
- Бұлт күнді жіберу үшін қалай мейірімді етсек екен?

- Және тағы бұлттың тапсырмасы бар екен. Орындап, көңілін көтерейік.
Аюды құрастыр

- Шаршаған боларсыңдар, сергіту жаттығуын жасайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Бұлттың көңілін көтеру үшін, түрлі жаңбыр тамшыларын салып берейік.
Қөңілді тамшылар дәстүрден тыс сурет салу.
- Суретті салудың алдында қолымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы: Бес саусақ .
- Балалар, біздің түрлі - түсті тамшылардан бұлт көңілденіп, күнді жіберді.
Күн:
- Рахмет, балалар, көмектескендеріңе. Әрқашан аспандарың ашық, күндерің шуақты болсын.
Сендерге менің сыйлығым бар. Қабыл алыңдар.
Енді балалар тобымызға жаяу қайтайық.

Рефлексиялық - түзетушілік
Бүгінгі оқу қызметін сұрақ - жауап әдісі арқылы қорытындылау
- Біз нені құтқардық?
- Немен саяхатқа бардық?
- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Жақсы атсалысқан балаларды мадақтау, аз жауап берген балаларды ынталандыру.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: З. Дьенеш логикалық блоктарымен жұмыс жасауды;
Түсінеді: геометриялық пішіндердің түсі, көлемі, пішіні бойынша бір - бірінен ажыратуды;
Қолданады: дәстүрден тыс сурет салу тәсілдерін.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№20 балабақша тәрбиешісі
Муратаева Айнаш Усенкуловна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz