Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нурпейсова Алмагуль Жакуповна
1. Қазақ тілі: Жұрнақ пен жалғау
2. Дүниетану: Пайдалы қазбалардың түрлері
Тақырып: Жұрнақ пен жалғау
Жалпы мақсаттар: Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру, сөз құрамына талдауды үйрену, топпен жұмыс істеуге дағдылану
Оқыту нәтижелері: Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастырады, сөз құрамына талдауды үйренеді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Көрнекіліктер: Плакаттар, интербелсенді тақта, карточкалар, ноутбук, электронды оқулық
Сабақ кезеңдері
1 - кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
Мұғалім ынталандыру мақсатында оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызады
- Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?
- үй тапсырмасын тексеру;
- қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
Мезгілге сәйкес туған күндері бойынша топқа бөледі
белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
1 - топ:
3 түбір сөз жазыңдар!
2 - топ: Берілген түбір сөздерге қосымша жалғап жазыңдар!
3 - топ:
- шы, - лық, - тар
қосымшаларына сәйкес сөздер тауып жазыңдар.
2 - кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
Көп әріптер қатарын көрсетеді, ішінен жасырылған екі сөзді табу керек екенін айтады (жұрнақ, жалғау)
Блоб ағашына сабақ басындағы жұрнақ пен жалғау туралы білімдері қандай екенін белгілеуді ұсынады