Қосаяқтап секіру

Скачать

Тақырыбы: Қосаяқтап секіру.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қосаяқтап секіруді үйрету.
Дамытушылық: Жаттығулар арқылы дене, бұлшықеттерін дамыту, қимыл - қозғалысынжақсарту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: Әр түрлі фигуралар, т. б. заттар.
Шаттық шеңбер жасату:
- Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар, біз дене тәрбиесінен ашық ұйымдастырылған іс - әрекет өткізгелі отырмыз!
Қонаққа апайлар келді, апайлармен сәлемдесейік!
Сәлеметсіздерме, апайлар!
1 - Бөлім
1. Жалпы шеңбер бойында түзу тұру.(Басын жоғары көтеріп, қолымызды жанымызға қою.)
2. Қолға арналған жаттығу жұмыстарын орындау (3 - рет)
2 - бөлім
Жалпы дамыту жаттығулары
1. Қолды алдыға созып, отырып - тұру.(3 - рет)
2. Оңға бұрылу. Қолымызды тіземізге қойып, еңбектеу.
- Жарайсыңдар, балалар! Бастапқы қалыпқа келеміз!
( Тук - тук - тук дауыс естіліп, қоян қосаяқтап секіріп келеді)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің дауыстарыңды естіп келіп қалдым.
Тәрбиеші:
- Балалар бізге кім келді?
- Қоянның неше құлағы бар?
- Қоянның түсі қандай?
- Қоян бізге қалай келді, көрсетіңдерші?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше екі топқа бөлініп қосаяқтап секіруді үйренейік!
Балалар жаттығу жұмыстарын орындайды.
Балалар екі топқа бөлініп тәрбиешінің көрсетуі бойынша кедергілердің арасынан өту арқылы қосаяқтап секіруді үйренеді. Ойын: Ақ қоян
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалысын жақсарту, шапшаңдыққа баулу.
Қоян: Балалар, іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар. Менің қосаяқтап секіруімді тез – ақ үйреніп алдыңдар. Менің сендерге сыйлығым бар.(сыйлығын үлестіреді)
Балалар ойынға белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жалпы дамыту жаттығуларын біледі.
Игеруі: Ойындарды түсініп, игереді.
Меңгерген іскерлік пен дағдылар: Қосаяқтап секіруді меңгереді.


Скачать


zharar.kz