Зат есім
Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің сұрағы, лексика – грамматикалық мағыналары, ұғымдары, құрамы мен құрылысы, түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілінің қадір – қасиетін жете түсінуге үйретіп, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйрету, тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, Ойлан тап ойыны.
Көрнекілігі: Слайд, сөзжұмбақ
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу құралдарын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. 107 – жаттығу. Сөз таптарының әрқайсысына 5 сөзден жазып, кестені толтырындар.
2. 108 – жаттығу. Ұлттық салт – дәстүрлер тақырыбында шағын әңгіме жазып келу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Жосалы кенті, № 105 орта мектеп
Ж. Қаналиева