Әркімнің еңбегіне қарай
Кіріспе
Өмірде өз еңбегіңмен, өз қабілет - қарымыңмен жетістікке жетуге мүмкіндік көп. Ең бастысы, әр адам өзіне сене білу керек. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту үшін керемет бағдарламалар бар. Олай болса, неге жұмыссызбыз? Өз қабілетімізге қарай сол бағдарламаларды, мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа? Мамандығың жоқ па, оқытамыз деп тұр. Өз мамандығың бойынша жұмыс таба алмай жүрсің бе, қайта даярлау курстарына барып, бүгінгі уақыт қажетіне сай мамандық ал, еңбек ет, жағдайыңды жаса. Кәсіппен айналысқың келеді ме, мем¬лекет тарапынан берілетін жеңілдікті пай¬далан, зертте, жүгір, көр. Еңбек етпесең, мақсатқа жетудің басқа жолы жоқ. Қысқа мер¬зімді пайда табу, оңай жолмен ақша жасау ұзаққа апармайды. Бүгін бар болуы мүмкін, ертең болмайды. Бір айта кетерлігі, мемлекет тара¬пынан жасалып жатқан мүмкіндікті, жақсы бағдарламалардың тиімділігін әлі де халық түсіне алмай келе жатыр. Әлде де дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Біз¬дің қоғам - гуманистік қоғам.
Әрқайсымыз еңбек етуіміз керек, әлсізге көмектесуіміз керек. Ел болып еңсе көтергелі бері 22 жылдан асты. Бір адамның өмірімен өлшегенде аз уақыт емес. Бұл 22 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің тас шайнап, мұз
бүркетін кезеңі. Екінші жағынан қарағанда бодандықтың қамытынан құтылып, ой сананы сіңір болып кеткен ескі сүрлеуден шығарып бүгінгі жеткен биігімізге қарасақ, 20 жыл көп уақыт емес. Тәуба, іргеміз бекіді, ірі екенімізді таныттық. Ырыс – ынтымаққа, ынтымақ – бірлікке ұласып жатыр.
Иә, біздің халық текті ұлт екенін дәлелдеді, тәуелсіздіктің ұйытқысы бола алды. Әрине, бар мен жоқтың қатар жүретіні бар. Біз қазір барымызды түгендеп, бақ пен таққа, молшылыққа, момын малға кенелген кезде өмір сүрудеміз. Бірақ дәл осылай бола береді деп, тоқмейілсіп бір орында отыра беруге болмайды. Дүние де, адам да, адамның санасы да көп өзгереді және тынымсыз дамуын жалғастыра береді. Осы жағдайда қай қоғам өз жағдайын саралап, бара жатқан бағытын бағдарлап, тынымсыз түзетіп отыра білсе, сол қоғамның келешегі жарқын да, зор болары айқын. Міне, осындай сара жол ұрпақтан - ұрпаққа, әкеден балаға көшіп жалғаса беруі бұл өмірдің заңы.
Ұлан - асыр мекенде бір тілде сөйлейтін, бір әнді барлық жерде айтатын, бір салтты тұтынатын, бір әдет - ғұрыпты ұстап, бір дінге ұйитын жұрт әлемде жоқ болуы керек. Осының бәрін қалыптан шығармай, халықтың көңілін тауып, ұйымдастырған біздің ата - бабаларымыз не деген кемеңгер, не деген шебер болған шіркін - ай деп, көзің жетіп, көңілің тояды. Болмаса, ол кезде заң да жоқ, заң шығарушы орган да болмаған, бірақ соның өзінде сан салалы
өмірдің кілтін қолда ұстап, ұлтымызды өркендетудің өркенді жолына салған сол данышпандардың баға қасиеті есіңнен шығармай күнде бас июге тұрарлық іс.. Алаш ұраны айтылғанда Сақ елінің түкпір - түкпірінен атқа мінер азамат бірі қалмай жауға аттануға тиіс болған екен.,
Ата Майқы биден Ұранымыз – Алаш, керегеміз – ағаш, қазақтан туған халықпыз деген сөз. Бұл кешелі бері емес, сонау мыңдаған жылдар бұрын айтылған ұлы ұғым. Мағынасына қарап отырсаң, қазақ қандай халық екенін айдай анық айтып берген. Қараңызшы, қазақтан туған халықпыз дейді, түгел қазақ бір адамның кіндігінен тарапты, бір ұранмен өмір сүріпті, бір тілмен сөйлепті, бір дәстүрмен өмір кешіпті. Түсінген адамдарға бұл сөз бекер айтылған сөз емес. Ол кісілер келешекті көре білген, кемеңгер адамдар болған.