Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты;
Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі тіршілік ерекшеліктерімен таныстырып, жұмыр құрттардың құрылысын буылтық құрттардың құрылысымен салыстыру.
Сабақтың міндеттері;
Білімділік; Оқушыларға буылтық құрттар жөнінде түсінік беру. Буылтық құрттардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық; Буылтық құрттардың жұмыр және жалпақ құрттармен ұқсастығын, айырмашылығын, дене мүшелерінің күрделене дамуын түсіндіру. Буылтық құрттардың пайда - зияны, таралу жолдары жайлы алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік; Буылтық құрттардың өкілдерін ажырата білуге, ауру туғызатын түрлерінен сақтану жолдарын үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс.
Пәнаралық байланыс: экология, география, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблицалар, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу
2) Кезекшілер міндеті
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
1.“Кім жылдам?” (викториналық сұрақтар)
2. “Білгір достар” биологиялық диктант
3. “Білгенге маржан” суреттермен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру
ІV. Сабақты бекіту.
1. Сематикалық карта
2. Венн диаграммасы
3. “Сен білесің бе?” сүліктің емдік қасиеттері
4. Терминология (терминдерді білесің бе)
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау
Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің
І санатты биология және география пәнінің мұғалімі
Кужакова Гульмира Ахатовна