Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі.
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін тереңдету, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай - үйі туралы толық мәлімет беру
2) тіл дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, Абай туралы білетін білімдерін жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, тақырыпқа байланысты өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру
3) тәрбиелік: Абай шығармаларын насихаттау, рухани – эстетикалық талғамын дамыту, бүкіл әлемге танымал ұлы ақын өмірімен таныса отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, аудару, сұрақ - жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: флипчарт, бейнефильм.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Абайдың өмірі туралы түсініктерін кеңейту.
Қалыптасқан түсініктер: мұғалімнің тапсырмасын түсініп, орындау.
Меңгеруі керек: сұрақтарға түсініп, жауап бере білу, тапсырмаларды орындай білу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (кезекшінің мәліметі)
1. Сәлемдесу.
Фонетикалық жаттығу:
Берілген сөздер ішінен тек бітеу буыннан тұратын сөздерді табу.
мұражай, білгіш, сазгер, ақын, өлең, сөздер, табиғат, құрмет, ойшыл, халық, жұрт, қайраткер
Тақтада 1 оқушы сатылай кешенді талдау технология бойынша мағлұматқа сөзіне фонологиялық талдау жасайды, екінші оқушы қолымен сөзіне математикалық тәсілмен талдау жасайды