Есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі Кайболда Сарымолдаев
Бастауыш сынып мұғалімі Кайболда Сарымолдаев

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Мақсаты:
1) Білімділік: Есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, танымын, біліктілігін, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға баулу, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Түрі: ертегі сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: оқулық, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшілер мәліметі.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Табыс тілеп тек қана,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №4 тапсырманы ауызша оқу арқылы сұрау, тексеру.

ІІІ. Ой шақыру сатысы арқылы өткен сабақты бекіту.
1. 9 - бен 5 - тің қосындысы.
2. 40 - пен 20 - ның айырмасы.
3. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
4. Қосудың компоненттерін ата.
5. Азайтудың компоненттерін ата.

ІҮ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, біз білетін Бауырсақ ертегісін есімізге түсірейікші. Қалай басталушы еді?
(Оқушылар айтады)
- Қараңдаршы, Бауырсақ домалап келе жатыр еді, алдынан не шықты?
- Қоян шықты.
- Қане, балалар, Қоян Бауырсақты жеп қоюы мүмкін, сондықтан оны құтқарып қалайық. Көмектесеміз бе?
16 -... =8
12 -... =7
18 -... =9
10 -... =5
15 -... = 7
16 -... = 8


Скачать


zharar.kz