9 - сынып (қыздар)
Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет формасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формаларын ұғындыру. Білімділік дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыруда кәсіптік бағдар беру. Еңбекке баулу. Кәсіпкерліктің маңыздылығын ұғыну.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлік қызмет формасын ұғындыруда ой - өріс қалыптастыру. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, суреттер, интерактивті тақта. диаграмма
Сабақтың түрі: теориялық білім беру
Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, математика, құқық, сызу,
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Еске түсіру
1. Кәсіп ету туралы түсінік?
2. Кәсіпкерге қойылатын талаптар?
3. Кәсіпкердің міндеттері мен құқықтары?
4. Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не?
3. Жаңа сабақ жоспары:
1. Кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік.
2. Кәсіпкерлік қызмет формасы.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Қорытынды.
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – тауар өндіру мен қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс әрекеті мен қызметі.
Ауылымызда жеке дүкендердің халыққа қызмет көрсетуі, олардың бір жағынан өздері пайда табу мақсатымен еңбектенуі кәсіпкерлік қызметтің жақсы дамып келе жатқандығының айғағы.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер - кәсіпорын - тұтынушы арқылы жүзеге асады.
Кез келген кәсіпорыннан, дүкеннен біз тауардың қажетімізге керегін тұтынамыз, яғни сатып аламыз. Дүкен сөрелерінде тұтыну заттары жеткілікті мөлшерде, кез - келген уақытта, не керектің бәрі бар.
Кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
1. Өндірістік
2. Коммерциялық
3. Қаржылық
4. Делдалдық
5. Сақтандыру
Ауылымызда кәсіпкерліктің коммерциялық, өндірістік, сақтандыру бағыттары жақсы дамыған. Мысал: фото, видео.
Коммерциялық бағытта дүкен иелері: Күзембаев Сағат, Сағытжанов Атшыбай т. б
Өндірістік бағытта: заманауи пластик терезелер шығарып халықты өз товарымен қамтамасыз етіп отырған Маңғыбаев Смақан.
Сақтандыру бағытта: автокөлік транспорттарын сақтандыруды қолға алған Сұлтанов Бағытжан, Иманов Бақтықожа т. б
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
1. Жаңа бизнес - бастамаларды қолдау міндеттері
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
Мемлекет Даму қоры арқылы 5 пайызына субсидия береді. Субсидия – бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек.
Өркениетті елдерде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі көптеген мәселелердің орындалуына кәсіпкерлік маңызды рол атқарады. Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда маңызды рол атқарады.
Кәсіпкерлікті дамытудағы мақсат, міндеттер: 1. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу.
2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету. 3. Азаматтардың еңбекке белсенділігін дамыту.
4. Тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру.
КӘСІПКЕР -------------- ТҰТЫНУШЫ ------------- КӘСІПОРЫН
Бір - бірімен тығыз байланыста болғандықтан сұраныс, ұсыныс арқылы кәсіптің дамуына жол ашылады.
Кәсіпорын формасының артықшылықтары мен кемшіліктері:
Жеке кәсіпорын: Артықшылықтары:
1. Құру оңай.
2. Бақылауда ұстау оңай.
3. Мемлекет тарапынан басқару аз.
Кемшіліктері:
1. Фирманы кеңейтуге қаржы табу қиын.
2. Ұйымдағы жұмысты меншік иесі жүргізеді.
Серіктестік: Артықшылықтары:
1. Құру оңай.
2. Басқару жұмысын бөлуге болады.
3. Кеңейту үшін ірі соманы салыстырмалы түрде табу жеңілдеу.
Кемшіліктері: 1. Серіктестер арасында болуы мүмкін жанжалдар. 2. Серіктестердің біреуі жұмыстан шығуы, құжаттарды қайта қарастыруды талап етеді.
Акционерлік қоғам: Артықшылықтары:
1. Акция сату арқылы көп капитал жинауға болады.
2. Иеленушілік өзгергенде тұрақтылық сақталады.
3. Менеджер жалдау мүмкіншілігі бар.
Кемшіліктері:
1. Қатаң мемлекеттік реттеу.
2. Ұйымдастыру және басқару шығындары жоғары.
Кәсіпорын:
1. Атаусыз;
2. Мекен, жайсыз;
3. Телефон байланысысыз;
4. Банк деректемелерсіз (есепшот номері, банк мекен жайы)
5. Арнайы бланкілерісіз;
6. Мөр және мөртаңбасыз:
7. Салық органдарына тіркелусіз жұмыс істей алмайды.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Кәсіпорынның қалыптасуы қалай ұйымдастырылады?
2. Кәсіпкерлікті дамытуда қандай бағдарлама бекітілді?
3. Субсидия дегеніміз не?
Тест сұрақтары:
1. Азаматтардың пайда өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі.
а) кәсіпкерлік ә) бизнес б) сауда
2. Бір немесе бір отбасы иелік ететін бизнес.
а) акционерлік қоғам ә) жеке кәсіпкерлік б) серіктестік
3. Акцияны сату арқылы көп капитал жинауға болады, бұл қай түріне тән артықшылық.
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б) жеке кәсіпкерлік
4. Бір жұмысшының жұмыстан шығуы, құжаттарды қайта қарауды талап етеді, бұл қай түріне жататын кемшілік
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б) жеке кәсіпкерлік
5. Мемлекет тарапынан басқару аз, бұл кәсіпорынның қай формасына тән артықшылық.
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б ) жеке кәсіпкерлік
Оқушыларды бағалау.
Қорытынды.
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген зая кетпес.
Мақсатқа бір жетерсің ойыңа алған.
Үйге тапсырма: Бизнесмен болғың келе ме? мәнжазба жазу.