Қазақ әдебиеті 7 сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров Шығамын тірі болсам адам болып , Мен - қазақ өлеңдері (слайд№1 - 2)
II. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың Шығамын тірі болсам адам болып , Мен - қазақ өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы.
2. Дамытушылық: ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыту барысында балалардың тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқу - білімнің маңыздылығын ұғындыру. (слайд№3)
III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
V. Оқыту әдістері: Түсіндіру, сөздікпен жұмыс, мазмұндау, талдау, мәнерлеп оқу.
VI. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
VII. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: функционалды сауаттылығын жүзеге асыру мақсатында, оқушылармен сұхбаттасуы: - Оқушылармен сәлемдесу - тілдесу.
А) Кезекшімен сұқбаттасу:
- Бүгін кезекші кім?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ әдебиеті нешінші сабақ?
- Кеше қазақ әдебиеті сабағы болды ма?
- Бір аптада қазақ әдебиеті неше рет болады?
VIII. Үй жұмысын тексеру:- Ал, балалар, сендерге алдын ала тапсырма берілген. Сендер іздену жұмысы барысында, өздерің Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянымен танысып, бүгінгі сабаққа мазмұнын айтуға дайындалдыңдар.
- Енді өмірбаянына шолу жасайық. Кім ақынның мазмұнын айтады? (слайд№4) (Бірнеше оқушы өмірбаянын қысқаша айтып береді)
IX. Жаңа тақырып:
1.- Бүгін біз лирикалық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Мен - қазақ және Шығамын тірі болсам адам болып.. деген өлеңдерімен танысамыз. (слайд№5 - 6)
- Бұл өлеңнің қандай түріне жатады? (көңіл - күй)
2.- Ақынның өлеңіндегі мына жолдары сабағымыздың ұраны болады, (слайд№7)
X. Сөздікпен жұмыс:
Жиһан - әлем, дүние - мир
Надан - невежда, неуч
Белді буу - решиться
Толған ай - полная луна
Асылық - лишнее
Егес - вступить в единоборство (слайд№7)
XI. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. (слайд№10) Өлеңді талдау.
– Ақынның екінші өлеңі Мен – қазақ
- Қалай ойлайсыңдар бұл өлең кім туралы?
- Бұл өлең қандай сезім тудырады?
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды. Бір шумаққа талдау жасайды.
XIV Сабақтың қорытындысы:
1. Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
2. Қандай өлеңдерімен таныстық?
3. Өлеңге байланысты сөздерді айтып беріңдерші.
4. Осы өлеңдері бізді неге үйретеді?
XV. Бағалау.
XVI. Үй тапсырмасы: Мен - қазақ өлеңді жаттау