ХЛОРЕЛЛАНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ

Скачать

“Хлорелланы Мақтарал өңірінде лабораториялық жағдайда өсіру және ауылшаруашылығында пайдаланудың тиімділігі”

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1. ХЛОРЕЛЛАНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ
1. 1. Хлорелланы өсіруде пайдаланатын минерал тұздар
1. 2. Хлорелла өсірілетін құрылымдар және оның гигенасы
2. ХЛОРЕЛЛАНЫ КӨБЕЙТІП ӨСІРУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
2. 1. Хлорелланы және басқа мәдени өсімдіктерде қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Хлорелла — хлорококктәрізділер класының өкілі майда бір жасушалы жасыл су балдырлары тұқымдасы. Жасушасы домалақ немесе эллипс тәрізді. Үлкенділігі 5 - 12мкм, жұқа және берік қабықпен оралған. Жасуша ішінде: хлоропласт және пиреноид орналасқан. Жыныссыз жолмен көбейеді. Табиғата хлорелла өте кең таралған болып, әртүрлі су қоймаларында және ылғалды топырақтарда кездеседі.. Хлорелланинг 40 тан артық түрлері анықталған, содан ТМД да 18 түрі анықталған болса Орта Азияда 5 түрі бар. Табиғатта хлорелла (Chlorella vulgaris) өте көп таралған
Алғашқы рет хлорелла 1890 жылы таза жағдайда өстіріліп, оның биологиясы және экологиясы зерттелген.
Хлорелла күн энергиясын интенсив тәрізде сіңіреді Оның биомасасының құрамында 40 - 50 пайыз ақуыз, 30 - 37 пайыз көмірсу, 5 - 10 пайыз май, дәрумендер мен және басқа заттар кездеседі. Бір гектар су қоймасынын жоғарғы қабатынан (сәуір - қараша) хлорелладан 30 - 70 тонаға дейін биомасса алу мүмкіншілігі бар. Хлорелланың жоғарғы (38°С), орташа (25 — 30°С) және төменгі (15°С) температурада өсетін түрлері кездеседі. Жоғарғы температураны жақсы көретін хлорелла көбірек өстіріледі және олардың өнімдері жоғары болады. Хлорелла араластырылатың (суспензпясы) өзіндік; механизацияланған суқоймаларында көп мөлшерде өстіріледі. Хлорелла суспензиясын өсіру биологияда жаңа биоинженерлік бағытты қалыптастырады.
Зерттеудің өзектілігі:
Хлорелладан тамақ өнеркәсібінде, фармацевтикада, мал шаруашылығында, ыластанған суларды биологиялық жолмен тазалауда, жабық экологиялық жүйедегі ауаны регенерация жасауда(космостық ұшу аппаратында, су асты кемелерінде) пайлануға болады. Әр түрлі қоректік заттарға бай болғандығы себепті хлорелладан кондитер өнімдерін, кейбір ішімдік құрамына қосып пайдалану мүмкін. Сонымен бірге әр түрлі дәрі дәрмек құрамына қосылады. Хлорелла қосып дайындалған маздардын емдеу қасиеттері хлорелла қосылмағандардан жақсы. Ірі қара мал, қой, ешкі және басқалардың рационына тәулігіне 2 - 10 л хлорелла суспензиясын қосып берілгенде, олардың тірідей ауырлығы 15 - 20 пайыз, сүт өнімдері 13 - 18 пайызға көбейеді. Шөже және тауық рационына 0, 2 - 2, 5 грамм есебінде хлорелла пастасы қосып берілгенде олардың тірідей ауырлығы 13 - 20 пайыз, жұмыртқа салу 12 пайызға, жұмыртқа құрамындағы А дәруменінің мөлшері 1, 5 - 2 есеге көбейгендігі анықталған. Хлорелланың жібек өнеркәсібіндегі маңызы өте үлкен. Хлорелла суспензиясы тұт жапырағына бүркеп беру нәтижесінде жұлдызқұрттардың ауырлығы 15 - 25 пайызға, піләнің салмағы 13, 1 - 18 пайызға артады. Хлорелланың ауыл шаруашылығындағы басқа егістіктерден айырмашылығы сондай, оның өсетін ортасы өзгеруімен құрамындағы ақуыз, май, және басқа қоректік заттарда өзгеруі мүмкін. Бұл дегеніміз келешекте хлорелланы өсіру негізінде ақуыз, май, дәрумендер, антибиотиктер және басқа пайдалы заттар алу мүмкіндігін береді.
Зерттеудің мақсаты: Жасыл балдыр хлорелланы Мақтаарал өңірінде лабораториялық жағдайда көбейтіру және ауыл шаруашылығында пайдалануға ұсыныс жасау.
Зерттеу міндеттері:
- хлорелла суспензиясын Мақтаарал өңірінде лабораторияда өсіруде пайдаланатын қоректік ортаны жарату және көбейту әдістемелерін жетілдіру.
- хлорелла суспензиясын ауылшаруашылығында қолдану:

1. ХЛОРЕЛЛАНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ
1. 1 Хлорелланы өсіруде пайдаланатын минерал тұздар
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің мәселелерін шешу маңызды мақсаттардың бірі болып тұр. Солардың ең маңыздылары бау - бақша және мақта шаруашылығын дамуын жолға қою. Бұл мәселелерді шешпей тұрып Оңтүстік Қазақстан экономикасын, әлеуметтік жағдайын дамыту мүмкін емес. Хлорелланы Орта Азия жағдайында ғылыми маңызын көтерген академик А. М. Музаффаров және биология ғылымдарының докторы, профессор Т. Т. Таубаевтар ұсынған қоректік заттар кейінгі жылдар топырақ микробиологиясынның ғылыми мамандары жағынан және де байытылды. Хлорелла биотехнологиясын дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі.
Хлорелла биотехнологиясы Мақтаарал өңіріне толық енгізілу керек. Қазіргі таңда Мақтаарал өңірінде 300 мыңға жуық халық тұрады, 1 км2 майданға 124 адамнан келеді. Сол себепті біздің өңірде хлорелла өсіру аса маңызды. Мұның ең маңызды жолы биологиялық әдістерді қолдау арқылы іске асыруға толық мүмкіндік бар.
Топырақтың түзілуінде және өнімділігінің артуында басқа факторлармен бірге балдырлардың маңызы үлкен. Қолайлы жағдайда балдырлар топырақта бір маусымда гектарына 30 - 50 кг физиологиялық белсенді заттарға бай биомасса топтауы мүмкін. Ғылыми әдебиеттер мәліметтері бойынша балдырлар майда түйіршекті топырақты бірлестіріп, тез еритін тұздарды сіңіріп оларды жуылып кетуден сақтайды. Кейінірек бұл тұздар органик заттар түрінде өсімдіктер және микроорганизмдер қоректік ретінде сіңіреді. Олардың топырақтағы атқаратын қызметі гумус мөлшерін 0, 67 дан 1, 55% ға, карбонсуларды 0, 39 дан 0, 89% ға артырып топырақтың микробиологиялық процессін жеделдеттіру. Сонымен бірге топырақтағы балдырлар пленкасы судың булануы, балдырлар кездеспейтін топырақтарға қарағанда 1, 57 есе азайтады.


Скачать


zharar.kz