Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы
Асанғалиева Дина
Сабақтың тақырыбы: "Астана – асқақ арман"
Сабақтың мақсаты: Республикамыздың жаңа астанасы туралы түсіндіру.
Білімділігі: Астана қаласы – еліміздің жаңа астанасы. Оның Есіл өзенінің оң жағынды орналасуы. Еліміздің орта тұсында болуының маңызы.
Дамытушылығы: Астана – бас қала, жас қала, арман қалаға деген сүйіспеншіліктерін туғызу. Эстетикалық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: "1 қыркүйек – білім күні " плакаттар, буклеттер.
Астана суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Сұрақ – жауап.
- Астана республикамыздың қай жерінде орналасқан?
- Бекініс іргесін қалағаннан кейін Ақмоланың тез арада қалаға айналуына қандай жағдайлар қолайлы болды?
- Қаланың болашағы қандай?
- Биыл Елордамызға қанша жыл?
III. Кіріспе.
Астана Қазақстанның бас қаласы. Қала ең алғаш орыс үкіметінің бекінісі ретінде орнады. Бекініс әуелде " Ақмола " деп аталады. Тың жерді игеруге байланысты 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгерді. Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы.
Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республикамыздың басшы
органдары – Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерде жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда қала күн сайын жасарып өсуде. Зәулім-зәулім сәулетті де сәнді үйлер бас көтерді. Әсем ғимараттар көбейді. Президент сарайы, Парламент үйі, Балалар мен Жасөспірімдер сарайы, банк ғимараты ерекше сұлулықпен салынған. Көшелері кең көшенің екі жағын бойлай тізілген ағаштар сап түзеп тұр.
IV. – Балалар, Сағи Астанаға жазда қыдырып барыпты. Енді Сағидың әңгімесін тыңдайық.
Сағидың әңгімесі.
Айнұр: Астана.
Астанадан тарайды нұрдың бәрі,
Қадам бассаң, қарсы алар символдары
Тарихтың да, салт-дәстүр, өнерің де -
Символдар да, Астана – бұлбұл бағы
Аралассаң –асылдың келер күні,
Елестейді осында ертеңі
Оқығандай боласың том-том кітап,
Ұшан-теңіз білімге кенелтеді.
(Сұлтан Қалиұлы) Ұлан газеті
Сағи: Астана.
Мынау менің Астанам,
Онға толған жас қалам.
Елордасы елімнің,
Ерекше ғой басқадан.
Сарыарқаның даласы,
Жарқырайды қаласы.
Астана деп ән салар.
Бар қазақтың баласы.
Әрбір күні арайлы,
Шуақ болып тарайды.
Арман қуған балалар ,
Астанаға қарайды.
Астанаға қарайды,
Әуелейді асқақ ән.
Болашаққа бастаған,
Мәртебемсің сен менің.
Айналайын, Астана!
V. Әдеби – монтаж.
Асхат: Астана - Қазақстанның өнеркәсіп және мәдени ошақтарының бірі.
Жасгүл: "Астанам"
Бабаларымыздың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұрғызды,
Ұлы қала өзіңдей.
Отанымның төрінде,
Сары нұраның өрінде.
Ту ұстаған Астанам -
Әсем қалам – бас қалам!
Гүлім: Астана – аса ірі оқу –ағарту орталығы. Мұнда халық шаруашылығының сан саласында еңбек ететін жоғары және арнайы орта білімді мамандар даярланады.
Әлім: 6 шілде – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Биыл Елордамыз – Астана 10 жасқа толды.
Қуанышбек: Әрине, 10 жыл деген тамырын тереңге тартқан тарихтың қас-қағым сәті шығар. Десек те осы сезім елімізді, ерлігімізді айдай әлемге паш етті.
Мейрамгүл: Астана - кемел келешекке қарыштап қадам басқан. Қазақ елінің айбыны мен айбарына айналды.
VI. Сабақты қорыту.
Сонымен балалар, бүгіндері Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты балаларымен терезесін теңестіріп тұр. Астана - ғажайып құрылыс алаңы.
Әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын. Ақ орда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы сынды ғимараттар халқымыздың көз қуанышы болуда.
Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың яғни сендердің қалаларың.
- Сендер Астанамыздың көркеюіне өз үлестеріңді қосасыздар.