Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер құрастырып, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету.
2. Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Шапшаң оқуға, әдемі, сауатты жазуға машықтандыру. Елжандылыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, мазмұнды суреттер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Әріп, буын, сөз, сөйлем,
Оқып, құрастыра жазуды.
Үйренеміз қай сабақта? сауат ашу.
ІІ Өткенді қайталау.
Ойын Ұйқасын тап
- ша - ша - ша - өсіп тұр арша
- ай - ай - ай – қайнады шай
- ра - ра - ра – келді ұшып ара
- ла - ла - ла – араның үсті ала
- уа - уа - уа – таза екен ауа
Оқулық бойынша оқу. 60 бет
Топпен жұмыс.
Сөздер таратып беру, оған сөйлем құрастыру.
- Дыбыстан не құралады?
- Буыннан не құралады?
- Сөзден не құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыстылар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
Шортан, шапан, қалам, тамақ, орамал сөздерімен сөйлем құрау. Шортан сөзінен келіп жаңа сабаққа түсу.
Шортан деген не? – балық
Балық сөзінде бірінші қай дыбыс естіліп тұр?
- Б б дыбысы
Хормен айту
Бб дыбысының артикуляциясы.
Б – еріннің әуелі бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс. Б - сөздің тек қана басы мен ортасында кездеседі.
- Балалар, қане б дыбысынан келетін сөздер айтқызу, оларды буынға бөлгізу
ІІІ Сергіту сәті.
Бала - бала, балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай ойнат
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқып беру.
3. Баба , бала сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата - бабамыз.
Бата – ас қайыру, тойларда берілетін бата, тілек.
4. Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп жазайық
V. Дәптермен жұмыс.
Әріп және сөз ойыны.
а) жоғалған әріп:
Там…қ, мақт…, Арм…н, мат…, қ…й.
ә) Шашылған әріп, сөз құрастыру:
1) б, а, т, о (бота)
2) б, р, о (бор)
3) б, л, а ( бал)
4) б, қ, а (бақ)
5) б, қ, а, а (бақа)
VІ. Қорытындылау.
Сұрақ - жауап арқылы
VІІ. Мадақтау