Біздің заманымыз - іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Белсенділік іскерлік – адамды көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан - жақты көрсете алуының негізі - мұғалімнің білімділігімен қатар, ортамен іскерлік қарым - қатынас жасау сырын, өзін ұстауы мен сөйлеу этикасын меңгеруіне байланысты. Сөз адамның көзқарасын, мәдениеттің деңгейін көрсете алады. Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма деп айтылған. Абай Құнанбайұлының даналығы да осыны меңзейді.
Ал мұғалім қызмет барысында пікір айту, оқушымен, әріптестермен тіл табысуы, сабақ түсіндіруі, білім мен тәрбиені ұштастыруы, білімді тиянақтауда оқушыға сұрақ қоя отырып, оның пікірін жеткізуде оған өзінің сөзі көмектеседі. Сөйлеушінің сөзі оның ісіне жауапкершілікпен қарауын тиянақтылығын байқатады. Қазақтың ағартушы ғалымдарының бірі А. Байтұрсынов Алты адамның басы қосылса, төр мұғалімдікі болады ,- деп тұжырымдаған екен. Біз оқушының жүрегінен орын алсақ, сөзімізбен, білімімізбен ғана сондай беделге жетеміз. Біздің сөзіміз ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерімізден де белгілі.
Сабақтастықты жүзеге асыру үшін сабаққа қатысқанда кейбір мұғалімдер сол күнгі тақырыппен ғана шектеледі. Оқушыларды ойға жетелеп, қиялын ұшқыр етуге жұмыстар жасалмайды. Мұғалім алдымен кез келген нақыл сөздерді түсіндіріп және салыстыруға болады. Ол үшін мұғалім тұрақты тіркестер, жаттанды емес мақалдарды ойға түсіріп жүрген дұрыс. Сабақта лидерлік түсіндірме түрінде болады. Көп сөзділік оқушыны жалықтырып жібереді. Педагог Сухомлинскийдің мынадай пікірі бар: Көрнекі құрал тек көмекші ғана болу керек қой. Мұндай сабақта балалардың барлық назары көрнекі құралға қызықты зат ретінде ауады, мұғалімнің оны сабаққа не үшін әкелгенін балалар түсінбейді . Соған қарағанда көрнекіліктен гөрі біздің сөзіміз, практикалық жұмыстар көрнекілік болу керек.
Мұғалім сабаққа кіргенде сұрақтар қоюда сөзіміздің жұтаңдығы көрініп қалады. Мысалы оқушылар сабақтарында Кім болуды арандайсыз , Бұл неге тәрбиелейді , Нағыз дос деп кімді айтуға болады? т. б сұрақтарға оқушылар көңіл қойып жауап іздеуге тырысады.
Оқушы сабақ айтқанда қате деп айтуға болмайтынын қазір ғалымдар айтып жүр. Үзілді - кесілді Жауабың дұрыс емес дегенше Ойыңды толықтырсаң болар еді Жауабыңда айқындылық жоқ деу керек. Оқушының толық жауабы, көзқарас айту шеберлігі, білімінің тиянақтылығына Бәрекелді , Жарайсың , Қандай жақсы пікір айттың деген сөздермен мадақтауға болады. Бұл оқушыны білімге құштарлыққа, пәнге қызығушылыққа жетелейді