№1 сабақ жоспары
Таным білім саласы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: Алтын балық сыйлықтары
Мақсаты: Сан таңбаларын пайдаланып, тура және кері санауға үйретуді жалғастыру. Алтын Балықтан көмек сұрап алтын балық тапсырмасын орындай білу. Қанша? Нешінші? алдында, артында, оң солын айыра білу, салыстыру. Қайыршақ ішіндегі Маржан моншақтарын санай отырып, санды қоя білу. Сергіту жұмысы.
Методикалық әдісі.
1. Балық пішіндерін айыру.
2. Кім жаңылыспайды 1 - 10ға тура және кері санау.
3. Қандай сандар жетіспейді
4. Шортан мен алабұғаны салыстыру. Санау Жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.
5. Сергіту жұмысы.
6. Қайыршақтағы Маржан моншақтарын санау.
7. Сурет ішіндегі балықтардың қай бағытқа жүзіп бара жатқанын айыру. Оңға 5 балық, солға 5 балық.
8. Алдында 3 балық, артында 2 балық. Балықтар бірінен соң бірі келе жатыр.
Көрнекілігі. Пішіндер, сан таңбалары, балықтың суреттері
Қиыршық ішіндегі моншақтар, су және Алтын Балық кеме.
1 бөлім.
Ұйымдастыру. Сабақ жүрісі.
Балалардың бір - біріне тілегі.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Бір - бірімізге қарап күлімдейміз.
Тәрбиеші. Жарайсыңдар, барлықтарыңның жүздерің күлімдеп, жайнап кеттіңдер. Олай болса бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Апта күндерін сұрау.
Бір аптада неше күн бар?
Балалар: 1 аптада 7 күн бар.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Күн жылынады, күн ұзарады. Ағаштар бүршік атып жатыр, құстар жылы жаққа келіп жатыр. Адамдар жеңіл киіне бастады.
2бөлім. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: Балықтар қайда тіршілік етеді?
Балалар: Балықтар суда тіршілік етеді, сусыз тіршілік ете алмайды.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бәріміз кемеге отырып, теңізге барып, су асты балықтарын тамашалайық. Балалар кемеге отырады, кеме гуілдейді ы - ы - ы - ы. Балалар кемеге отырып келе жатқанда музыка әуенімен: Қатты толқын соғып, кеме суға кетеді. Балалар жүзіп су жағасына шығады. Бір бала су астындағы торға түсіп оралып қалады.
Балалар: Су астындағы Алтын балықты көмекке шақырады. Алтын балық – деп айқайлайды.
Алтын балық: Саламатсыздар ма балалар! Мені неге шақырдыңдар?
Балалар: Алтын балық бізге көмектес.
Тәрбиеші: Біздің бір баламыз су астындағы торға оратылып қалды.
Алтын балық: Достарыңды құтқарамын, бірақ менің сендерге қоятын тапсырмаларым көп соны орындайсыңдар.
Балалар: Уәде етеді.
Алтын балық: Баланы тордан босатады.
Алтын балыққа балалар рахмет айтады.
Тәрбиеші: Ендеше балалар алтын балықтың тапсырмасын орындайық. Қандай тапсырмаларыңыз бар?
Алтын балық: балалар сендер су астына түстіңдер онда не көрдіңдер?
Балалар: Әр түрлі пішіндегі балықтарды, ұсақ шөптерді, қайышық тастарды, сегіз аяқтарды, жұлдыз құрттарын.
Алтын балық: Олай болса
1тапсырма. Балықтардың пішінін айыру.
2тапсырма. Кім жаңылыспайды 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
3тапсырма. Қандай сандар жетіспейді?
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа.. 2.. 5.. 8.. 10
4 тапсырмам. Шортан мен алабұғаны рет санымен қоя отырып санау, салыстыру, жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.
Сергіту жұмысы. Жүзуді үйренеміз .
Сылдырлайды теңіз суы (қояды төмен сермелеу)
Теңіз суға денеңді жуу (денеңді жуу)
Қояды артқа сермейіп (қояды артқа сермеу)
Балық болып жүзейік (ирелеңдеп жүзу)
3бөлім. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Барлық бала қиыршық тастарды су жағасынан жинап алады.
5тапсырма. Қиыршық ішіндегі Маржан моншақтарын санай отырып қанша моншақ болса сонша санды қою.
4 бөлім. Суретті карточка бойынша жұмыс.
6 тапсырма. Сурет ішіндегі балықтардың қай бағытқа жүзіп бара жатқанын сұрау.
Оң жаққа Сол жаққа
5балық 5балық
Барлығы 10 балық.
7 тапсырма.
Алабұға Шортан
1, 2, 3, 4, 5 алдында 3 балық, артында 1 балық
Бірінің артынан бірі кетіп бара жатыр.
Алтын балық: Рахмет балалар. Тапсырмамды жақсы орындадыңдар, мынау менің сендерге сыйлығым. Алтыннан жасалған тәттілерімді ала келдім. Сау болыңыздар. Мен теңізіме қайтып оралайын.
Бала тілегі: Жаратқаның жар болсын, алтын балық жүре берші теңізде, асыр салып деп тілек айтады.
Тәрбиеші: Балалар көрдіңдер ме алтын балық тек қана жақсы тілектерді ғана орындаған. Сендерге риза болып кетті.
5 бөлім. Қорытындылау. Су астындағы балықтарды қайталап сұрау.