Геометриялық фигуралардың аттарын табу

Скачать

Тақырыбы: Дидактикалық ойындар (фак курс)
Қысқа мерзімді жоспар 4 сынып
Мақсаты: Оқушылардың байқағыштық, зерттеп салыстыру. Сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түсіну қабілетін ұштау. Сөздік қорын молайту. зейінін, есте сақтауын дамыту.
Күтілетін нәтиже: А. Тапсырманың орындалу ретін түсінеді
В. Алған білімдерін қолдана отырып тапсырмалар орындап жаттығады
С. Іздене отырып, еске түсіреді, тапсырмалар орындайды
Қолданатын құрал - жабдықтар: Жіп, суреттер, интербелсенді тақта, маркер, стикер, А 3 формат, бағдаршам, слайдтар, смайликтер.

Кіріспе бөлім 5 минут
Ұйымдастыру: Сабаққа дайындау
Жұпқа бөлу: Алда мереке Бір – бірімізге қалай қуаныш сыйлаймыз? Адамға қуаныш сыйлайтын не деп ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасы: Өрмекші торы бір - біріне әзірлеп келген сұрақтарын лақтырады

Тұсау кесер 5 минут
Тосын сый айдары: Қалай ойлайсыңдар бүг нгі сабағымыз қандай болмақ? Ендеше белсенділік танытайық!
Жұппен жұмыс: Ой шақыру “Аукцион” ойыны.
1- тапсырма Машина
4 17 16 37
Кәмпиттерді қораптардан шығармастан ағалы - інілі екі балаға теңдей етіп қалай бөлуге болады? (4+17+16= 37)
2 - тапсырма Тоңазытқыш
Амалдар таңбасын және 3 цифрын бес рет пайдалана отырып, 100 санын жаз
3 -тапсырма Теледидар
Жасыл емес, Сары да емес
Сары емес
Қара емес, жасыл да емес
көк емес, жасыл емес
Қара да емес
4- тапсырма Пәтер
Қаламсауыттағы қалам саны оннан кем. Оларды екі немесе үш адамға тең бөлуге болады. Қаламсауытта неше қалам бар?
5 -тапсырма Компьютер
Орналасу заңдылықтарын анықта Сандарды жаз
6 тапсырма Кір жуғыш машина
Бақыт бір сан ойлады, ол санды 2 – ге көбейтіп, 3 – ті қосқанда 17 шықты. Ол қандай сан ойлады?

Негізгі бөлім 30 минут
Жаңа сабақ
1. Сөз қуалау Оқушыларға математика ұғымына қатысты сөздер беріледі Сол ұғымға қатысты сөздерді топтастырады

2. Кім жылдам?
Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
1шкете - текше
2. еңшбре - шеңбер
3. шұбршүы - үшбұрыш
4. трұбышрөт - төртбұрыш
5. рвадкат – квадрат

3. Ғажайып алаңы
20 ---- 20 ---- 20
30 ---- 30 ---- 30
40 ---- 40 ---- 40
І топқа:
1. Өздеріңіз оқып отырған математика кітабының авторы? (Ә. Б Ақпаева Л. А. Лебедева)
2. 7 майшам жанып тұр, 4 - уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
6. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
7 125 нешенің квадраты (5)
8. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
9. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
10. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
11. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
12. 86 санын еш амал қолданбай 12 - ге арттыр. (98)

Сабақты қорытындылау
Математикалық диктант

Кері байланыс: Смайликтер бойынша
Бағалау
Сау болыңыздар!

Пән иесі: Есмуханова Р. К.



Скачать


zharar.kz